2026 жылғы 3 шілдеде Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру» білім беру бағдарламасы бойынша диссертациялық кеңесінің отырысында екі PhD докторлық диссертация қорғалды.
Диссертациялық жұмыстарын Досова У.Ж. және Аубакирова З.А. сәтті қорғады.
Бұл жетістікте ізденушілердің ғылыми жетекшілері мен ғылыми кеңесшілерінің еңбегі ерекше. Досова У.Ж.-ның ғылыми кеңесшісі – С.А. Монтаев. Аубакирова З.А.-ның зерттеу жұмысына М.А. Рахимов пен А.К. Алдунгарова ғылыми жетекшілік жасады.
Ғылыми жетекшілер мен ғылыми кеңесшілер докторанттардың зерттеу жұмыстарының барлық кезеңінде жан-жақты қолдау көрсетіп, ғылыми бағыт-бағдар берді. Зерттеу тақырыбын нақтылау, әдістемелік негізін қалыптастыру, тәжірибелік нәтижелерін талдау, ғылыми еңбектерді дайындау және диссертацияны қорғауға әзірлеу барысында олардың кәсіби тәжірибесі мен қолдауы маңызды рөл атқарды.
Бір отырыс аясында екі PhD докторлық диссертацияның қорғалуы университеттің ғылыми кадрлар даярлаудағы әлеуетін, сондай-ақ «Құрылыс материалдары және технологиялар» кафедрасында құрылыс саласы бойынша ғылыми зерттеулердің жүйелі дамып келе жатқанын айғақтайды.
Докторанттарды, олардың ғылыми жетекшілері мен ғылыми кеңесшілерін, диссертациялық кеңес мүшелерін шын жүректен құттықтаймыз!
Баршаңызға ғылым жолындағы жаңа жетістіктер, тың идеялар, кәсіби табыс және биік белестер тілейміз!





