BRIDGERS — Connect. Build. Launch.
Егер сен IT-технологияларға, стартаптарға қызығушылық танытсаң, өз идеяңды жүзеге асырғың келсе немесе мықты команда тауып, жаңа жобалар жасағың келсе — BRIDGERS саған арналған орта.
Клуб аясында студенттер:
IT-жобаларды әзірлейді;
стартап идеяларын нақты өнімге айналдырады;
командалық жұмыс дағдыларын дамытады;
техникалық және soft skills қабілеттерін жетілдіреді;
хакатондар мен түрлі IT-байқауларға қатысады;
IT-саласының мамандарымен танысып, пайдалы байланыстар орнатады.
Клубқа әзірлеушілер, дизайнерлер, аналитиктер, AI-ға қызығушылық танытатын студенттер, болашақ кәсіпкерлер және өз идеясын жүзеге асырғысы келетін барлық білім алушылар қосыла алады.
Тәжірибеңнің болуы міндетті емес. Ең бастысы — үйренуге, жаңа дүние жасауға және командамен бірге дамуға деген ниет.
Клубтың негізін қалаушы және жетекшісі: Алпысбай Айзере
Куратор: Бигалиева А.З.
Клубқа қосылу үшін: +7 708 521 28 90
BRIDGERS — идеядан нақты жобаға дейін!