8 қазанда Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында, сондай-ақ «AI MONTH 2026» жалпыұлттық бағдарламасы шеңберінде «Болашақ сәулеті: қазіргі заманның AI сын-қатері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара Business Skills Park алаңында ұйымдастырылып, сәулет, дизайн, цифрлық технологиялар және жасанды интеллект салаларындағы заманауи үрдістерді талқылауға арналды.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды сәулет және дизайн салаларында қолданудың мүмкіндіктері мен перспективаларын, олардың жобалау үдерісіне ықпалын, сондай-ақ болашақ мамандарды даярлаудағы цифрлық құралдардың маңызын талқылады.
Әсіресе, сәулеттік жобалау, модельдеу, визуализация және жұмыс үдерістерін оңтайландыру кезінде жасанды интеллект технологияларын пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар технологиялық өзгерістер жағдайындағы адамның кәсіби рөлі, авторлық көзқарас пен кәсіби стандарттарды сақтау, сәулетшінің қоғам мен қалалық орта алдындағы жауапкершілігі жөніндегі мәселелер қарастырылды.
Іс-шараға Қарағанды техникалық университетінің өкілдері, сәулет саласының жетекші мамандары мен сарапшылары қатысты.
Қатысушылар қатарында университеттің цифрландыру жөніндегі проректоры, PhD Азамат Амиров, Сәулет-құрылыс факультетінің деканы, техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Данияр Токанов, Қазақстан Сәулетшілер одағының Қарағанды облыстық ұйымының директоры Александр Чжан Цзи-сянь, сәулет-дизайн бюроларының жетекшілері Юрий Герман, Ксения Рынгач, Евгения Баскакова, Виталий Бойко, Камила Бойко, Михаил Лопунов, «Сәулет және тұрғын үй-азаматтық құрылыс» кафедрасының меңгерушісі, PhD Елена Олейникова, сондай-ақ «Новый формат» жеке кәсіпкерлігінің жетекшісі Александр Попов болды.
Талқылау барысында тәжірибелі сәулетшілер мен жас мамандар арасында пікір алмасу өтті. Қатысушылар жасанды интеллектіні кәсіби қызметте тиімді әрі жауапкершілікпен қолдану жолдарын қарастырды. Сарапшылар цифрлық құралдарды адамның шығармашылық әлеуетін алмастыратын тетік ретінде емес, маманның кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтетін заманауи құрал ретінде қарастыру қажеттігін атап өтті.
Дөңгелек үстел ашық пікірталас форматында өтті. Қатысушылар өздерінің практикалық тәжірибелерімен бөлісіп, сәулет саласын цифрлық трансформациялау үдерісіне қатысты өзекті мәселелерді талқылады.
Іс-шара қорытындысы бойынша білім беру және кәсіби ортаға цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізу, сондай-ақ университет пен сәулет индустриясы арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері жөнінде пікір алмасылды.
«Болашақ сәулеті: қазіргі заманның AI сын-қатері» дөңгелек үстелі жасанды интеллект дәуіріндегі сәулет саласының даму перспективаларын талқылауға, білім беру қауымдастығы мен кәсіби орта арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік беретін маңызды алаңға айналды.