SAGINOV TECHNICAL UNIVERSITY-ДЕ БАСҚАРМАНЫҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ


5 қараша күні Университетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мүдделер қақтығысының алдын алу мәселелеріне арналған Басқарманың кеңейтілген отырысы өтті.

Атап айтқанда, Экономика, қаржы және бухгалтерлік есеп басқармасының, сондай-ақ Білім алушыларға қызмет көрсету орталығының басшылары Басқарма мүшелеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және мүдделер қақтығысына жол бермеу бағытында атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Отырыс барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша бірқатар тиімді тәжірибелер таныстырылды. Олардың қатарында мүдделер қақтығысының туындауына жол бермеу, ұжымда сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне қатысты нөлдік төзімділік қағидатын қалыптастыру, сондай-ақ бизнес-процестердің ашықтығын қамтамасыз ету және оларды цифрландыру мәселелері қамтылды.

Талқылау қорытындысы бойынша Басқарма Университет қызметінің аталған бағыттары ерекше назар аударуды қажет ететінін атап өтті. Осыған байланысты бұл бағыттар бойынша бақылауды күшейтіп, жүйелі жұмысты жалғастыру қажеттігіне назар аударылды.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Университет қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала беретінін және Университет басшылығының тұрақты бақылауында екенін атап өткен жөн.

[/su_custom_gallery]
Без рубрики