SAGINOV TECHNICAL UNIVERSITY-ДЕ ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті өкілдерінің 2027 жылы оқуын аяқтайтын бітіруші курс студенттерімен кездесуі өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – жас мамандарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, мемлекеттік органдар мен университет арасындағы ынтымақтастықты нығайту және студенттерді құқық қорғау саласындағы кәсіби мүмкіндіктермен таныстыру.

Кездесуге ақпараттық технологиялар, ақпараттық қауіпсіздік, телекоммуникациялар, радиотехника, электроника, электр энергетикасы, цифрлық басқару жүйелері және бағдарламалық қамтамасыз ету бағыттары бойынша білім алып жатқан студенттер қатысты.

Жиын барысында департамент өкілдері мекеменің негізгі қызмет бағыттары, экономикалық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл ерекшеліктері, заманауи цифрлық технологияларды қолдану және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы міндеттер туралы баяндады.

Сонымен қатар студенттерге мемлекеттік қызметке орналасу талаптары, сұранысқа ие мамандықтар, кәсіби даму және мансаптық өсу мүмкіндіктері жөнінде ақпарат берілді.

Университет атынан кездесуге Мансап және жұмыспен қамту орталығының жетекшісі Тусупова Гүлзат Алиевна қатысып, түлектердің еңбек нарығына бейімделуі мен жұмыс берушілермен тікелей байланыс орнатудың маңыздылығын атап өтті.

Saginov Technical University студенттердің кәсіби әлеуетін арттыру, түлектерді жұмыспен қамту және мемлекеттік органдармен тиімді серіктестік орнату бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырады.

Без рубрики