Мектеп бітірушілер мен колледж түлектері үшін маңызды кезең – мамандық пен университет таңдау уақыты басталды. Saginov Technical University-де қабылдау комиссиясы талапкерлерді қабылдауды жалғастыруда.
Университетке келіп, өзіңізге лайық білім беру бағдарламасын таңдап, құжаттарды тапсыру тәртібі, грант конкурсына қатысу, квоталар мен оқу мүмкіндіктері туралы толық кеңес алуға болады.
Saginov Technical University – инженерлік білім, ғылым және өндіріс байланысын дамытып келе жатқан ірі техникалық жоғары оқу орындарының бірі. Университетте IT, энергетика, автоматтандыру, телекоммуникация, тау-кен ісі, металлургия, машина жасау, көлік және логистика, құрылыс, сәулет, экономика және басқа да сұранысқа ие бағыттар бойынша мамандар даярланады.
Студенттер заманауи зертханаларда білім алып, өндірістік тәжірибеден өтеді, ғылыми жобаларға, халықаралық байқауларға, стартаптарға және академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысуға мүмкіндік алады. Университет серіктес кәсіпорындармен тығыз байланыс орнатып, студенттердің кәсіби дағдыларын еңбек нарығының талаптарына сай дамытуға басымдық береді.
Бакалавриаттың білім беру бағдарламаларына құжаттар 2026 жылғы 20 маусым мен 25 тамыз аралығында қабылданады.
Шығармашылық білім беру бағдарламаларына түсуді жоспарлаған талапкерлердің шығармашылық емтихандарға қатысу үшін өтініштері 20 маусым мен 10 тамыз аралығында қабылданады.
Қабылдау комиссиясының мамандары мамандық таңдауға, құжаттарды рәсімдеуге, грант конкурсына қатысуға және квоталық санаттар бойынша кеңес береді.
Өз таңдауыңызды бүгін жасап, болашағыңызға сенімді қадам жасаңыз!
Кәсіптік бағдар беру мамандары:
+7 (700) 595-92-59
WhatsApp: +7 (771) 031-02-10
Қабылдау комиссиясы:
+7 (775) 212-66-85
8 (7212) 56-44-22
Мекенжай: Қарағанды қаласы, Н. Назарбаев даңғылы, 56/1, 1-оқу ғимараты, 102-кабинет.











