Saginov Technical University-де 2026 жылғы түлектерге диплом табыстау рәсімі жалғасуда


Салтанатты шараның екінші күнінде Тау-кен факультетінің 540 бакалавр түлегі мен 60 магистранты диплом алды. Жалпы 600 жас маман университет қабырғасындағы оқуын сәтті аяқтап, үлкен өмірге қадам басты.

Тау-кен факультетінің B071 «Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру», B075 «Кадастр және жерге орналастыру», B271 «Мұнай-газ ісі», B074 «Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс» және B094 «Санитариялық-профилактикалық іс-шаралар» білім беру топтары бойынша білім алған түлектер енді тау-кен өндірісі, мұнай-газ саласы, геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау, маркшейдерлік іс, геодезия, кадастр, жерге орналастыру, тіршілік қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау салаларында кәсіби қызметін бастайды.

Биыл Saginov Technical University-де 1873 бакалавр мен 182 магистрант, жалпы 2055 түлек оқуын аяқтап отыр. Жас мамандар еліміздің кәсіпорындары мен ұйымдарында еңбек етіп, экономиканың стратегиялық салаларының дамуына өз үлестерін қоспақ.

Іс-шараға қатысушыларды Басқарма Төрағасы – Ректор Сауле Сагинтаева құттықтап, түлектер мен олардың ата-аналарына ізгі тілегін білдірді. Ол жас мамандарға алдағы еңбек жолында табыс, сенім және биік жетістіктер тіледі. Сондай-ақ Ректор магистратура бағдарламасын аяқтаған түлектерге дипломдарын салтанатты түрде табыстады.

Басқарма мүшесі – Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Бекболат Нүсіпбеков үздік диплом иелерін, сондай-ақ университеттің қоғамдық, ғылыми, мәдени-көпшілік және тәрбие жұмыстарына белсенді қатысқан түлектерді марапаттады.

Сонымен қатар әскери кафедрада запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлықтан өтіп, емтихандарын тапсырған Тау-кен факультетінің 24 түлегіне Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңы мен әскери қызмет өткеру қағидаларына сәйкес «запастағы лейтенант» әскери атағы берілді.

Сондай-ақ Тау-кен факультетінің өзге де бакалавриат түлектеріне дипломдарын факультет деканы Нұрбек Жолмағамбетов табыстады.

Құрметті түлектер! Дипломдарыңыз құтты болсын! Таңдаған мамандықтарыңыздың білікті маманы атанып, еліміздің өндірісі мен ғылымының дамуына лайықты үлес қоса берулеріңізге тілектеспіз!

[/su_custom_gallery]
Без рубрики