Saginov Technical University-де 2026 жылғы түлектерге диплом табыстау рәсімі басталды


 

Биыл университет еліміздің кәсіпорындары мен ұйымдары үшін өз білімін тәжірибеде тиімді қолдануға және экономиканың түрлі салаларының дамуына үлес қосуға дайын мыңдаған жас маманды даярлап шығарды.

Алғашқылардың бірі болып Ақпараттық технологиялар факультетінің B057 «Ақпараттық технологиялар» және B058 «Ақпараттық қауіпсіздік» білім беру бағдарламалары бойынша білім алған 332 бакалавр түлегі мен факультеттің 23 магистранты диплом алды. Жас мамандар жақын күндері цифрлық технологиялар, бағдарламалау, ақпараттық жүйелер және басқа да сұранысқа ие салаларда кәсіби қызметін бастайды.

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті өз тарихында 120 мыңнан астам жоғары білікті маман даярлады. Бүгінде университет түлектері Қазақстанның барлық өңірлерінде және шетелдерде табысты еңбек етіп, инженерлік білім беру дәстүрлерін лайықты жалғастырып келеді.

Іс-шараға қатысушыларды Басқарма Төрағасы – Ректор Сауле Сагинтаева құттықтады. Ол түлектер мен олардың ата-аналарына ізгі тілегін білдіріп, жас мамандарға алдағы еңбек жолында табыс тіледі.

Басқарма Төрағасы – Ректор Сауле Сагинтаева магистратура бағдарламасын аяқтаған түлектерге дипломдарын табыстады. Үздік диплом иелеріне дипломдарын цифрландыру жөніндегі проректор Азамат Жанболатұлы Амиров тапсырды.

Сонымен қатар Ақпараттық технологиялар факультетінің 44 түлегіне Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2026 жылғы 22 маусымдағы бұйрығы негізінде «запастағы лейтенант» әскери атағы берілді.

Салтанатты рәсім түлектер үшін маңызды әрі әсерлі сәтке айналды. Белсенділігімен ерекшеленген бірқатар түлекке университет ректорының атынан Алғыс хаттар табысталды.

24–30 маусым аралығында университеттің өзге факультеттері, Әскери кафедрасы және Инновациялық технологиялар колледжінің түлектеріне де дипломдар салтанатты түрде табысталады.

Барша түлектерді оқуын сәтті аяқтап, диплом алуымен шын жүректен құттықтаймыз! Таңдаған мамандықтарыңыздың білікті маманы атанып, еліміздің дамуы мен өркендеуіне лайықты үлес қоса берулеріңізге тілектеспіз!

 

[/su_custom_gallery]
Без рубрики