Қарағанды облысының жоғары оқу орындары студенттері арасында өткен «Жылдың үздік студенті – 2026» облыстық байқауы қорытындыланды.
Байқау нәтижесінде Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Тау-кен ісі» білім беру бағдарламасының 4-курс студенті Асенбаев Самат Сәкенұлы «Жылдың үздік студенті – 2026» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.
Бұл байқау өңірдегі білімді, талантты әрі қоғамдық өмірге белсене араласатын жастарды анықтауға, олардың ғылым, шығармашылық, спорт және волонтерлік қызмет салаларындағы жетістіктерін дәріптеуге бағытталған.
Самат Сәкенұлы – білімге деген құштарлығын ғылыми ізденіспен және қоғамдық белсенділікпен ұштастырып жүрген университетіміздің үздік студенттерінің бірі. Ол – Әлімхан Ермеков атындағы стипендияның иегері.
Студентіміздің облыстық деңгейдегі бұл жеңісі – оның табанды еңбегінің, мақсатқа ұмтылысының және жан-жақты дамуға деген талпынысының жарқын көрінісі.
Saginov Technical University талантты жастарының жетістіктерін мақтан тұтады және олардың кәсіби әрі тұлғалық дамуына жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастырады.
Самат Сәкенұлын лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта жаңа жетістіктер мен биік белестер тілейміз!