Құрметті әріптестер мен білім алушылар!


Біз Сіздерді Тюмень индустриалды университетінің (Тюмень қ., Ресей) базасындағы халықаралық жазғы мектепке қатысуға шақырамыз.

2023 жылдың жазында Тюмень индустриалды университетінің базасында «Ecoengineering» халықаралық жазғы мектебі өтеді:

Халықаралық жазғы мектеп зерттеуші мен ғылыми коммуникация дағдыларын дамытуға ықпал етеді, экологиялық бағдарланған ұстанымды қалыптастырады. Жазғы мектептің қатысушылары жаһандық экологиялық бағдарламаларды зерделейді және тұрақты дамудың табиғатты қорғау құрамдас бөлігін іске асыруға жәрдемдесу үшін ұсыныстар қалыптастырады.

Өткізудің мақсаты: экологиялық және өндірістік қауіпсіздік саласындағы жобалау және ғылыми-зерттеу қызметінің дағдыларын қалыптастыру, зияткерлік әлеуетті анықтау, мектепке қатысушылардың зерттеу және ғылыми қызметте өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдайлар жасау.

Қатысу түрі: бетпе — бет және қашықтық форматтары (BigBlueButton).

Өтетін орны: №8 корпус, «ТИУ» ФГБОУ ВО- Луначарский, 2.

Өткізу мерзімі: 03.07.2023-08.07.2023 ж.

Мектепке қатысуға өтінімдер қабылданады: E-mail tarasovass@tyuiu.ru, жауапты Тарасова Светлана Сергеевна, тел.8(3452) 283-753.

Қатысуға өтінім беру мерзімі: 17.04.23 бастап 23.06.23 дейін.

Халықаралық жазғы мектеп туралы толық ақпаратты тіркелген хаттан таба аласыз.

Без рубрики