ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР! ҚАДІРЛІ ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚАУЫМЫ!


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті Сіздерді 1 қазан – Қазақстан Республикасының жоғары білім қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтайды!

Жоғары білім – еліміздің зияткерлік әлеуетін арттырып, ғылым мен экономиканың дамуына жол ашатын маңызды сала. Осы бағытта аянбай еңбек етіп жүрген әрбір оқытушы мен ғалымның еңбегі зор құрметке лайық.

Университетіміз инженерлік білімді дамытуға, ғылыми зерттеулерді өндіріспен ұштастыруға және еліміздің технологиялық дамуына үлес қосатын білікті мамандар даярлауға басымдық береді. Бұл жетістіктердің негізінде Сіздердің кәсібиліктеріңіз, қажырлы еңбектеріңіз бен ғылымға деген адалдықтарыңыз жатыр.

Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ғылыми және педагогикалық қызметтеріңізге толағай табыс тілейміз! Еңбектеріңіз жемісті болып, шәкірттеріңіздің жетістіктері мерейлеріңізді үстем ете берсін!

Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!

 

Без рубрики