ҚҰРМЕТТІ АТОМ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ!


Saginov Technical University ұжымы сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Атом саласы қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтайды!

Атом саласы – еліміздің экономикалық және технологиялық дамуы үшін стратегиялық маңызы зор бағыттардың бірі. Бұл саладағы әрбір жетістік жоғары білікті мамандардың біліміне, кәсібилігіне және жауапкершілігіне негізделеді.

Бүгінде атом өнеркәсібінің мамандары өндірістің тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп қана қоймай, жаңа технологияларды игеруге, ғылыми әлеуетті арттыруға және инженерлік кадрларды даярлауға маңызды үлес қосып келеді.

Saginov Technical University үшін өндіріс пен білімнің сабақтастығы әрдайым ерекше мәнге ие. Сондықтан еліміздің индустриялық және технологиялық дамуына үлес қосып жүрген сала мамандарының еңбегін жоғары бағалаймыз.

Осы мерекелі күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс пен жаңа кәсіби жетістіктер тілейміз. Жауапты қызметтеріңіз әрдайым нәтижелі болсын!

 

Без рубрики