Ұлы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Өлең сөздің патшасы» атты республикалық студенттер айтысы


2020 жылдың 28 ақпанында Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде «Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасының ұйымдастыруымен қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы қарсаңында  «Өлең – сөздің патшасы» атты студенттердің  республикалық ақындар айтысы өтті.

Республикалық ақындар айтысын жүргізген:

«Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Әбілқасов Ғабиден Мәжитұлы.

Республикалық ақындар айтысының төрағасы:

Әлтаев Аманжол Дүйсенбайұлы – айтыстың ақтаңгері, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, ф.ғ.д.;

Республикалық ақындар айтысының қазылар алқасы:

  1. Мақсұтов Қуаныш Мәжікенұлы ақын, халықаралық, республикалық ақындар айтыстары мен фестивальдердің лауреаты;
  2. Асанов Қойлыбай Дәулетханұлы  Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ профессоры, ф.ғ.д., айтыс тақырыбына ең алғаш докторлық диссертация қорғаған ғалым;
  3. Асан Мирас Болатұлы – ақын, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің «Мәдениет және руханият» бөлімінің меңгерушісі, «Шабыт»  фестивалінің лауреаты;
  4. Қами Дидар – айтыскер ақын, «Екі жұлдыз» жобасының және халықаралық, республикалық ақындар айтысының жеңімпазы.

Ақындар айтысының мақсаты – ұлы ақынның бізге жеткен қымбат асыл мұрасын, шығармаларын насихаттау арқылы келешек ұрпақты адамгершілікке, инабаттылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, өткен тарихымызды зерделеу, жастарды  ұлттық әдет-ғұрыптар мен рухани құндылықтарға баулу.

Республикалық ақындар айтысына әр өңірден 18 ақын келіп қатысып, бағын сынады.

«Өлең – сөздің патшасы» атты студенттердің  республикалық ақындар айтысының нәтижесі бойынша:

Бас жүлдені (250 000 теңге) ҚарМТУ-нің АиУ-17-1 тобының студенті Ботпай Доскей;

І  орынды (150 000 теңге) Қазақ ұлттық өнер университетінің студенті Манарбекова Ақбота;

ІІ орынды (100 000 теңге) ҚарМТУ-нің БТ-17-2 тобының студенті Оспанов Бекарыс;

ІІІ орынды (70 000 теңге) Қайнар Академиясының студенті Апуажанов Жақсылық;

Сәулет-құрылыс факультетінің деканы Иманов Марат Өмірбекұлының арнайы жүлдесін (20 000 теңге және картина) Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті Маратбекова Жұлдызай;

Жол-көлік факультетінің тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары Оспанғалиева Меңдігүл Төлеутайқызының арнайы жүлдесін Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті Маратбекова Жұлдызай (20 000 теңге),  Қазақ ұлттық өнер университетінің студенті Манарбекова Ақбота (20 000 теңге) иеленді.

Әділ қазылар алқасының мүшелері мен барлық қатысқан студенттер ҚарМТУ ректоры М.К. Ибатовтың алғыс хатымен марапатталып, жүлдеге ие болмаған 14 ақынға ынталандыру сыйлығы (20 000 теңге) берілді.

Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз! Жаңа жеңістер тілейміз!!!

Без рубрики