Инновациялық технологиялар колледжінің 1-курс студенті Валерий Александрович Бочкарев «Ғылым шарайнасы» VІІІ Республикалық ғылыми жұмыстар байқауында «Ең үздік ғылыми жұмыс» номинациясы бойынша 3-орынды иеленді.
Студенттер байқауының мақсаты жастарды ғылыми-зерттеу жұмыстарына баулу, оларды ғылым мен тәжірибенің көкейтесті мәселелерін шешуге тарту, ғылыми мұраларға деген қызығушылығын оятып, инновация мен тәжірибелерге дайын білім саласының болашақ көшбасшыларын әзірлеу болып табылады.
Валерий Бочкарев байқау комиссиясының төрелігіне «Қазіргі заманғы жағдайда жастардың патриоттық тәрбиесіне талдау және сараптама жасау» тақырыбындағы жобасын ұсынды. Жобаның ғылыми жетекшісі – ҚарМТУ-дың Патриоттық тәрбие бойынша ғылыми-зерттеу институтының директоры Динара Ермекқызы Жакупова.
Аталмыш байқауға Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі орта кәсіптік және жоғары оқу орындарынан көптеген студенттер қатысты.
Валерий Бочкарев және жетекшісі Динара Ермекқызын Республикалық ғылыми жұмыстар байқауындағы жеңістерімен құттықтаймыз! Мақсатқа жету жолында толағай табыстар және жаңа биіктерді бағындыра беруді тілейміз!