РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!


Құрметті университет оқытушылары, ғалымдары, қызметкерлері мен ардагерлері!
Директорлар кеңесінің атынан және жеке өз атымнан баршаңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл айтулы мереке халқымыздың егемендікке ұмтылысын айқындаған тарихи шешімнің маңызын танытып, ел бірлігін, жасампаздық рухын және Қазақстанның дамуы мен өркендеуіне деген ортақ ұмтылысымызды бейнелейді.
Бүгінгі Қазақстанның жетістіктері – бірнеше буын өкілдерінің қажырлы еңбегі мен өз ісіне деген адалдығының жемісі. Ел дамуының берік тірегіне айналған білім мен ғылым қоғамның зияткерлік әлеуетін арттырып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады және жарқын болашақтың негізін қалайды.
Университет ұжымының кәсіби шеберлігі, білімі мен жасампаздық әлеуеті отандық білім мен ғылымды дамытуға, жоғары білікті мамандар даярлауға және еліміздің әлеуетін нығайтуға елеулі үлес қоса беретініне сенімдімін.
Осы мерейлі мерекеде сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, бейбіт өмір, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке, еңбектеріңізге табыс және ертеңгі күнге деген нық сенім тілеймін!
Ортақ еңбегіміз тәуелсіз Қазақстанның өсіп-өркендеуіне қызмет ете берсін!

Құрметпен, «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті»

КЕАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Ә.М. Байменов

Без рубрики