Университеттің баспа қызметі
Үшінші мыңжылдық мәдениеттік-творчестволық орталығының рөлін анықтап, оқу үрдісінің әсерін және жоғары оқу орындарында кітап басылымының сапасын жоғарылатуына байланысты, елімізде болып жатқан қоғамдық және экономикалық реформалар қазіргі университет баспаларының талаптарын жоғарылатты.
Баспа бөлімінің мақсаты күрделенді және өзгерді. Жаңа компьютерлік технологиялар негізінде оқу–әдістемелік және ғылыми әдебиеттерді шығаруға жасалған жүйе әмбебап баспаға айналды. Әр оқытушыға дәріс курстарын, тәжірибелік практикумдарын, әдістемелік нұсқауларын, электрондық басылымдарын және оқу процесіне керек басқа материалдарын шығаруға барлық жағдай жасалынды.
Қазір университет кітаптарды шығаруға байланысты техникалық пен түгел өндірістік операцияларды жүзеге асыруға мүмкіншілік ететін күшті полиграфиялық базамен жабдықталған. Қазіргі уақытта жоғары жылдамдықты толықтүсті баспаның жаңа технологиялары меңгерілген.
Біздің университеттің қарқынды дамуы оқу және ғылыми әдебиеттер басып шығаруда қазіргі тәсілдерді ұсынды. Жылдан жылға шығарылған өнімнің саны мен көлемі өсуде.
Жыл сайын жоғары оқу орны кітапханасының қоры мемлекеттік тілдегі басылымдармен толықтырылуда. Қазақ тіліндегі әдебиеттермен оқу процесін қамтамасыз ету мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде.
2022-2024 жж. 5488,1 б.т. жалпы көлемде 1571 атаумен басылып шықты. Оның ішінде 100 монографиялар, 55 оқулық (20 оқулық ОАМ грифімен, 14 ОӘБ-ГУП грифімен).
2000 жылдан бастап университетте Қазақстан БҒСБК ұсынған ғылыми қызмет нәтижелерін жариялау үшін, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі ғылыми журналдарының тізімдеріне енгізілген «Университет еңбектері-Труды университета» ғылыми журналы басылып шығарылуда.
Біздің университет базасында өткізілетін ғылыми практикалық және студенттік конференциялардың материалдарын жыл сайын басып шығару дәстүрге айналуда.
Қазір университет баспасы жоғары оқу орындарында кітап басылымын қазіргі мемлекеттік стандарттың талабына сай оқу процесіне қажетті және сапалы оқу-әдістемелік әдебиеттерді қамтамасыз ету бағыты бойынша, нәтижелі жұмысын жалғастыруда.