«Әр өлеңі – бір әлем» атты әдеби-сазды кеш


«Студенттер үйі» жатақханасында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай, «Әр өлеңі – бір әлем» атты әдеби-сазды кеш өтті. Кештің мақсаты: Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау. М.Мақатаевтың поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту, сезіндіру, шығармашылығының музыкасымен үндесу ерекшелігін, ақынның сөзіне жазылған әндері көпшілік назарына ұсыну.
Кеш ақынның өмірбаянына арналған слайдты көрсету мен ақынның өз дауысымен жазылған өлеңдерін тыңдаудан басталды. Кеш барысында студенттер ақынның өлеңдерін оқып, әндерін айтты. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының желісі бойынша студенттер шағын көрініс көрсетті.

Без рубрики