QarTech × АСЭП Hackathon ресми түрде басталды


19–22 мамыр аралығында Saginov Technical University базасында студенттер, магистранттар мен докторанттар өнеркәсіптік автоматтандыру және цифрлық технологиялар бағытындағы өзекті кейстер бойынша өз шешімдерін ұсынады.

Хакатон барысында қатысушылар:
— AI және Computer Vision
— IoT және Embedded Systems
— Цифрлық өндіріс
— LLM және интеллектуалды көмекшілер бағыттары бойынша нақты өндірістік міндеттермен жұмыс істейді.

«АСЭП» ЖШС ұсынған кейстер:
• ЖИ арқылы экскаватор шөміші тістерін бақылау;
• Көпір/портал кранын қашықтан басқару;
• Сымсыз температура датчигі;
• Компания құжаттамасы бойынша цифрлық көмекші.

Алда — бірнеше күндік интенсив, инженерлік идеялар, жаңа технологиялар және мықты командалық жұмыс!

Өтетін орны: QarTech Hub / Business Skills Park
(Saginov Technical University)

#QarTech #QarTechHub #Hackathon #SaginovTechnicalUniversity #ASEP AI IoT EmbeddedSystems

Без рубрики