«Qarmet» хоккей клубы өз тарихында алғаш рет Қазақстан жастар чемпионаты — «Jastar Hokei Ligasy» финалына шығып, 2025/2026 маусымының қорытындысы бойынша күміс жүлдегер атанды.


Команда құрамында «Металлургия және машина жасау» факультеті, ТЖМжәнеС кафедрасы IТИ-24-1 тобының студенті Қалқабек Альһам (куратор Таттимбек Г.) шабуылшы позициясында өнер көрсетті. Маусым барысында және плей-офф кезеңіндегі ойындарда ол команданың сәтті өнер көрсетуіне елеулі үлес қосты. Сондай-ақ ол «Qarmet» құрамындағы нәтижелі ойыншылардың және нәтижелі пастар бойынша көшбасшылардың бірі болды.

«Qarmet» командасының финалға шығуы — Қарағанды облысының спорт қауымдастығы үшін маңызды жетістік, сондай-ақ өңірдегі жастар хоккейінің дамуының жарқын көрінісі болып табылады. 🇰🇿 Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дарынды жастарды қолдаудың маңыздылығын үнемі атап келеді: «Жастар — Қазақстанның болашағы. Елдің дамуына білімді, еңбекқор және мақсатшыл жастар қозғаушы күш болуы тиіс».

Университет ұжымы білім мен спортты қатар алып жүрген, жоғары жетістіктерге ұмтылатын жастарды әрдайым қолдайды және оларды өскелең ұрпаққа үлгі етеді.

Қалқабек Альһам мен «Qarmet» командасын тарихи жетістігімен шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта жаңа жеңістер, жоғары нәтижелер және толағай табыстар тілейді.

 

Без рубрики