Польша Республикасының халықаралық серіктестерімен ғылыми және білім беру саласындағы коллаборация


13-19 қаңтар аралығында Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі А. Такибаев Польшаға жұмыс сапары аясында бірнеше іс-шараларға қатысты. Ол үшін Хуго Коллонтай атындағы Краков ауылшаруашылық университетінің Академиялық мәселелер жөніндегі проректорымен, бірлескен мақала: (Development and analysis of hydrogel soil substrates enabling control of plant root system growth // MDPI: Polymers (Q1) дайындаған Marcin Niemiec профессорымен кездесулер; Mazovian Countryside мұражайына (Серпц қ.) мен Krason Seedling Producers Group кәсіпорнына (Лодзь қ.) бару ұмытылмас әсер қалдырды.  Ал 17-қаңтарда А.Такибаева Польша, Қазақстан, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Италия және Украина жоғары оқу орындарының өкілдерімен бірге «Quality systems in Modern Agriculture from a practical Persperctive» (Цеханово қ.) II Халықаралық ғылыми конференциясына қатысты. Конференцияны ұйымдастырушылар: Państwowa Akademia nauk Stosowanych im. Ignacego Mościckiego w Ciechanowie, Хуго Коллонтай атындағы Краков ауылшаруашылық университеті, «Green CROPS» компаниясы.

А. Такибаева 2023/2024 оқу жылында «Биотехнология», «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылар үшін 1,2 бірлескен халықаралық өндірістік практика сәтті іске асырылғанын хабарлады. Осылайша, Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ, Хуго Коллонтай атындағы Краков ауылшаруашылық университеті және «Green CROPS» («Agrarna AR») компаниясы арасындағы үшжақты шарттың міндеттемелерін орындау мақсатында 2024/2025 оқу жылында «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы М. Қинаятованың басшылығымен 24 адамнан тұратын 2-3 курс студенттері халықаралық өндірістік практикаға жіберіледі. Қазіргі уақытта Польша университеті мен «Green CROPS» компаниясынан шақырулар түсіп, Польша Елшілігінде тіркелу жүріп жатыр.

Сапар барысында AGH ғылыми-технологиялық университетінің (Краков қ.) Рitr Szatkowski профессорымен химиялық технологиялар бағыттары бойынша білім беру және бірлескен зерттеулер жүргізу саласында серіктестік қатынастар орнатылды. Сондай-ақ, профессор ағымдағы жылдың маусым айында Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-ға келеді деп күтілуде.

Без рубрики