Бүгін Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде шақырылған шетелдік маман — Польшадағы Познань технологиялық университетінің профессоры Томаш Рембиштің дәрістері басталды. Ғалымның сапары Erasmus+ халықаралық бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, 15–19 маусым аралығында өтеді.
Бүгін профессор университеттің студенттерімен, магистранттарымен, докторанттарымен және оқытушыларымен танысып, Познань технологиялық университетінің қызметі, ғылыми бағыттары және халықаралық ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы баяндады.
Апта бойы Томаш Рембиш дәрістер мен семинарлық сабақтар өткізіп, қатысушылар заманауи ғылыми тәсілдермен танысып, тәжірибе алмасуға және өзекті зерттеу бағыттарын талқылауға мүмкіндік алады.
Шетелдік ғалымдардың білім беру үдерісіне қатысуы университеттің халықаралық байланыстарын кеңейтуге, мамандар даярлау сапасын арттыруға және әлемнің жетекші жоғары оқу орындарымен академиялық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді. Erasmus+ бағдарламасы білім мен тәжірибе алмасуға, бірлескен ғылыми жобаларды дамытуға және халықаралық серіктестікті одан әрі күшейтуге жаңа мүмкіндіктер ашады.





