Педагогикалық кеңес


📌2025 жылғы 10 қаңтарда Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ Инновациялық технологиялар колледжінде оқу-өндірістік жұмыстың жағдайы мен кәсіптік білімге жаңа тәсілдерді енгізудің өзекті мәселелеріне арналған педагогикалық кеңес өтті.

☝️2025 жыл Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланғандықтан, кәсіптік білім беру саласында жоғары білікті мамандарды даярлаудың өзектілігін көрсететін маңызды тақырыптар талқыланды.

📋Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Молдабекова Г.К., директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Такенова А.А, директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Сейдимбекова Г.Х. және әдіскер Квитко Е.М. баяндама жасады. Баяндамалар барысында WorldSkills қозғалысы — жастарды жұмысшы мамандығын игеруге баулитындығы, еліміздің жас мамандарына әлемдік аренада өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік беретіндігі
және оқытушылардың біліктілігін арттыру туралы айтылды.

🔍Оқытудың инновациялық әдістерін енгізуге, оқу-өндірістік практиканы дамытуға және студенттер мен оқытушылар арасындағы өзара іс-қимыл сапасын арттыруға ерекше назар аударылды.

👏Іс-шара соңында колледжіміздің шет тілдер оқытушысы Балхашбекқызы Жанел Еңбек Адамының мүддесін қорғау мен кәсіподақ қозғалысын дамытудағы сіңірген еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының алғыс хатымен марапатталды! Шын жүректен құттықтаймыз, алда үлкен белестерді бағындыруыңызға тілектеспіз!🎉

📍Нәтижесінде білім беру процесін жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар әзірленді, бұл болашақта колледжге еңбек нарығының заманауи талаптары мен қажеттіліктеріне сәйкес келетін мамандарды даярлауға көмектеседі.

Без рубрики