22 сәуірде Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде Басқарма төрағасы – ректор С.С.Сагинтаеваның қатысуымен педагогикалық этика нормаларын сақтау мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді.
Іс-шараға университет оқытушылары, проректорлар, кәсіподақ өкілдері, омбудсмен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі және заң қызметінің мамандары қатысты. Кездесудің негізгі мақсаты – профессор-оқытушылар құрамын педагогикалық этика талаптарымен және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне енгізілген соңғы өзгерістермен таныстыру болды.
Шара барысында қатысушылар педагогикалық этиканың маңыздылығын атап өтіп, оның күнделікті қызметте қалай қолданылатынын жан-жақты талқылады.
Іс-шара қорытындысы бойынша университет ректоры педагогикалық этиканың салауатты бәсекелестікті дамытуға, кәсіби өсуді қамтамасыз етуге және қызметкерлер үшін қолайлы әрі нәтижелі жұмыс ортасын қалыптастыруға негіз болатынын атап өтті. Бұл жалпы табысқа қол жеткізуге және әрбір маманның кәсіби беделін арттыруға бағытталған маңызды инвестиция екені жеткізілді.


