Білім беру бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы республикалық пәндік олимпиаданың I (ЖОО) кезеңінің тапсырмалары
6В06301 – Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
Қазақ тілі Орыс тілі Криптография және криптоанализ Қазақ тілі Орыс тілі
Желілік қауіпсіздік Қазақ тілі
Орыс тілі
Ақпаратты қорғау негіздері, кодтау теориясы Қазақ тілі
Орыс тілі
КиЖИ кафедрасы 1960 жылы «Қолданбалы механика» атауымен құрылған. Алғашқы меңгерушісі доцент, техника ғылымдарының кандидаты И.Л. Деревинский болды.
2001 жылдан бастап кафедра Қазақстанда алғашқылардың бірі болып ақпараттық қауіпсіздік саласында мамандар даярлауды жүзеге асырып келеді.
Бүгінде КиЖИ – бұл компьютерлік технологияларды, ақпараттық жүйелерді, жаңа машиналарды және заманауи салалық технологияларды автоматтандырылған жобалау.
«Киберқауіпсіздік және жасанды интеллект» кафедрасы (КиЖИ) ақпараттық қауіпсіздік, бағдарламалау және заманауи IT-технологиялар саласында жоғары білікті мамандарды даярлаумен айналысады. Негізгі назар киберқауіпсіздікке, деректерді қорғауға, ақпараттық жүйелерді әзірлеу мен әкімшілендіруге аударылады.
Кожанов Мурат Галиаскарұлының жетекшілігімен кафедра ғылыми зерттеулерді белсенді дамытып, IT-компаниялармен және мемлекеттік мекемелермен ынтымақтастық орнатады, сондай-ақ заманауи білім беру технологияларын енгізеді. Студенттер тек теориялық білім алып қана қоймай, нақты жобалармен жұмыс істеу арқылы практикалық тәжірибе жинақтайды.
«Киберқауіпсіздік және жасанды интеллект» кафедрасы (КиЖИ) аймақтағы IT-саланың дамуына ықпал ете отырып, ғылыми конференциялар мен семинарларға белсенді қатысады. Оқытушылар мен студенттер отандық және халықаралық журналдарда ғылыми мақалалар жариялап, зерттеу нәтижелерімен бөліседі.
Сонымен қатар, кафедра түлектермен тығыз байланыс орнатады, олардың көпшілігі IT-компанияларда және мемлекеттік құрылымдарда жетекші қызметтер атқарады. Бұл ынтымақтастық оқу бағдарламаларын өзектендіруге және студенттерге тағылымдамадан өту мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге көмектеседі.
Кафедра сондай-ақ хакатондар, семинарлар және шеберлік сабақтары сияқты түрлі іс-шараларды ұйымдастырып, сала мамандарын студенттермен тәжірибе мен білім алмасу үшін шақырады.
Қазіргі уақытта ИТБ кафедрасы келесі білім беру бағдарламалары бойынша бакалаврларды шығарады:
- 6B06105 «Деректер туралы ғылым (Data Science)»
- 6B06301 «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері»
- 6B06104 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»
- 6B06302 «Желілік қауіпсіздік»
Сондай-ақ білім беру бағдарламалары бойынша магистранттар:
- 7M06102 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»
- 7M06105″Аспап жасау»
- 7M06105 Салалар бойынша жасанды интеллект
Кафедра Қарағанды қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 56, бас ғимарат, 436 аудитория мекенжайында орналасқан. Байланыс телефоны: 56-75-98 (ішкі.1028).
itb@ktu.edu.kz









