Ақпараттық технологиялар факультеті студенттеріне Конституциялық өзгерістер жөнінде түсініктеме берілді


Кездесуге Ақпараттық технологиялар факультетінің 2-ші курсында білім алып жатқан 130 студент қатысты. Шара барысында әлеуметтік-тәрбие ісі жөніндегі проректор Абай Қалықов Конституциядағы негізгі өзгерістерге тоқталып, олардың мемлекет дамуы мен азаматтардың құқықтарын қорғаудағы маңызын түсіндірді. Сондай-ақ жастарға Ата заңды білу және оның мәнін дұрыс түсінудің маңыздылығына ерекше тоқталды.

«Конституция – тек құқықтық құжат емес, ол мемлекет пен қоғам арасындағы сенімнің берік негізі. Бүгінгі жастар оның мәнін терең түсініп, елдің ертеңіне жауапкершілікпен қарауы қажет», – деді А. Қалықов.

Мұндай кездесулер студенттердің құқықтық мәдениетін арттырып, олардың азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал етеді.

Без рубрики