Осакаров ауданда Saginov Technical University қатысуымен мамандықтар жәрмеңкесі өтті


Saginov Technical University Осакаров ауданындағы «Жастар» балалар-жасөспірімдер орталығында өткен мамандықтар жәрмеңкесіне қатысып, кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді. Іс-шараға университет атынан Сәулет-құрылыс факультетінің «Құрылыс материалдары және технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Әбілғазы Рахтаев, «Өнеркәсіптік көлік» кафедрасының магистрі Ақгүл Имангазиева және инженер Нұрлыбек Шаржауов қатысты.

Ауданның 9-11 сынып оқушыларына ҚарТУ-дың білім беру бағдарламалары, оқу форматы, гранттық мүмкіндіктері және қабылдау талаптары туралы толық ақпарат берді.

Іс-шара оқушылардың болашақ мамандықты саналы таңдауға бағыт-бағдар алуына мүмкіндік беріп, университет пен талапкерлер арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етті.

Без рубрики