19 сәуір күні сағат 14.00-де ҚарМТУ-да «Жастар G—Global үшін» конкурсы аясында «Дүниежүзілік экономика» тақырыбында online-конференция өтті. Конференция жұмысына ҚарМТУ-дың Инженерлі экономика және менеджменті факультетінің қызметкерлері және әлем экономикасының жаһандық проблемаларын зерттеп жүрген шетелдік ғалымдар қатысты.
Университетіміздің және шетелдік ЖОО-ның ғалымдары жиында төмендегі баяндамаларды жасады:
-Денис Щеглов, PhD, РТУ доценті (Рига қ., Латвия) «Global trends and innovation challenges» («Инновацияның жаһандық тенденциялары және проблемалары»);
— Ахметжанов Б.А., э.ғ.д., ҚарМТУ профессор «Дүниежүзілік экономика: энергетикалық көмірді өндіру және өткізу»;
-Аубакирова Г.М., э.ғ.д., ҚарМТУ профессоры «Қазақстан экономикасындағы импортты алмастыру: қазіргі жағдайы және перспективалары».
-Осик Ю.А., к.т.н., ҚарМТУ профессоры «Қытай экономикасы: жағдайы және перспективалары»;
— Кочкина Г.А., э.ғ.к., ҚарМТУ доценті «Міндетті сақтандыруды дамыту әлеуметтік қорғау құралы ретінде»;
-Жаманчинов А.К.,э.ғ.м, ҚарМТУ-дың аға оқытушысы «Әлеуметтік кәсіпкерлік үй шаруашылығы мүшелерінің инновациялық мінез-құлқын қалыптастыру институты ретінде. Халықаралық ұйымдар тәжірибесі».
Конференцияда Польша елінен байланысқа шыққан Ольга Владимировна Прокопенко (Бельско-Бяло қ.Техникалық-Гуманитарлық Академиясының «Маркетинг және кәсіпкерлік» кафедрасының профессоры) жиынға қатысуға мүмкіндік берген білім ордамызға алғысын білдіріп, G-Global жобасы аясында ҚР Президенті қойған міндеттерді орындау үшін Техникалық-Гуманитарлық Академиясы мен ҚарМТУ арасындағы ынтымақтастықтың нығая түсетініне сенім білдірді.
Іс-шараға университетіміздің 1000-нан аса студенті және ППҚ қатысты. Тікелей эфирде өткен жиын бас корпустың (337, 338, 339) аудиторияларында, бірінші корпустың 207, 209 аудиторияларында көрсетіліп, ҚарМТУ-дың оқу телевизиялық орталығы арқылы барлық корпустарға таралды.