Хабарландыру Куликов А. П. диссертациялық жұмысын қорғау туралы


«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ (PhD) философия докторы дәрежесін алу үшін Куликов Анатолий Петрович 8D07103  – «Электр энергетикасы» мамандығы бойынша «Негізгі таспалы конвейердің реттелетін қос моторлы асинхронды электржетегін әзірлеу және зерттеу» тақырыбында докторлық диссертациясы қорғалады.

Қорғау тілі-орыс.

Диссертациялық жұмыс «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ «Өндірістік процестерді автоматтандыру», кафедрасында орындалды.

Ғылыми кеңесшілер:

  1. Каверин Владимир Викторович – техника ғылымдарының кандидаты, «Өндірістік процестерді автоматтандыру» кафедрасының доценті, «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ (Қарағанды қ.);
  2. Зюзев Анатолий Михайлович – техника ғылымдарының докторы, «Ресейдің Тұңғыш Президенті Б.Н.Ельцин атындағы Орал федералдық университеті» Федералдық мемлекеттік автономды жоғары оқу орны Орал энергетика институтының «Электр жетегі және өнеркәсіптік қондырғыларды автоматтандыру» кафедрасының профессоры (Ресей Федерациясы, Екатеринбург қ.).

Ресми рецензенттер:

  1. Әлмұратова Нұргүл Қанайқызы – PhD докторы, доцент, «Жаңартылатын және баламалы энергия көздері» кафедрасының доценті, «Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КЕАҚ (Алматы қ.);
  2. Сивякова Галина Александровна – техника ғылымдарының кандидаты, доцент, «Қараганды индустриялық университеті» КЕАҚ Басқарма мүшесі-Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры (Темиртау қ.).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

  1. Исабеков Жанат Бейсембайұлы — PhD докторы, «Торайғыров университеті» КЕАҚ «Электротехника және автоматтандыру» кафедрасының меңгерушісі (Павлодар қ.);
  2. Малоземов Борис Витальевич — техника ғылымдарының кандидаты, доцент (ЖАК), Новосібір мемлекеттік техникалық университетінің электротехникалық кешендер кафедрасының доценті (Ресей Федерациясы, Томск қ.);
  3. Саухимов Алмаз Абжалиевич — PhD докторы, «KEGOC» АҚ (Астана қ.) ұлттық электр желілерін дамыту жөніндегі Басқарушы директоры.

Докторлық диссертацияны қорғау 2025 жылдың 10 қыркүйегінде, сағат 14.00-де «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ-да өтеді.

Мекен жайы: 100027, Қарағанды қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 56. Қорғау отырысы онлайн-режимінде Zoom-платформасында (конференцияның идентификациялық номері 859 642 2311, кіру коды 1953) өтеді.

Сайт мекен-жайы: www.kstu.kz

Диссертацияның мазмұны бойынша бейресми пікірлерді қорғауға одан әрі ұсыну үшін диссертациялық кеңестің ғылыми хатшысы Нұрмағанбетова Гүлім Сахитовнаға электрондық поштаға жіберу қажет, e-mail: g_sahitovna@mail.ru

Без рубрики