«Оқушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы!» бейнеролик байқауы


«Саналы ұрпақ» студенттік клубы «Қазақстан халқы Ассамблеясы және Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының, Комплаенс-қызметтің және университеттің Жастар саясаты департаментінің қолдауымен 2024 жылғы 16 қаңтар мен 20 ақпан аралығында «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ білім алушылары арасында «Студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы!» бейнероликтер байқауын өткізді.

Байқаудың мақсаты – жастарды белсенді өмір салтына тәрбиелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың практикалық дағдыларын игеру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес мақсатында әлеуметтік бейнероликтер әзірлеу.

Байқауға 27 жұмыс ұсынылды. Оның ішінде 7 жұмыс конкурстық талаптар бойынша іріктеліп алынды және конкурстың финалында командалар өз жұмыстарын қазылар алқасының алдына ұсынды. Қазылар алқасының құрамы: Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қарағанды облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық пулының төраға-спикері Токатов Р.А., қазылар алқасының мүшелері – университеттің Комплаенс-қызметі басшысының м.а. Полякова Н.О және «ҚХА және ӘГҚ» кафедрасының аға оқытушысы Сейдинова М.А.

Жұмыстардың ішінде сыйлыққа лайық 3 үздік жұмыс анықталды:

  • I дәрежелі диплом – «ҚарТУ Инновациялық технологиялар колледжі» командасы, жетекшісі – оқытушы Умирбекова Г.Ш.
  • II дәрежелі диплом – «Азамат» командасы (ЦАФ-21-1 тобы), жетекшісі – аға оқытушы Толеуова М.О.
  • III дәрежелі диплом – «Парасат» командасы (ГжК-21-1 тобы), жетекшісі – аға оқытушы Жуматова Г.М.

Қалған финалист командаларға алғыс хаттар табысталды.

Без рубрики