Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасы
- 2024-2025 оқу жылының күзгі семестріне арналған сабақ кестесі
 - 2024-2025 оқу жылына арналған Академиялық күнтізбе
 - 2024-2025 ПОӘК тізімі
 - 2023-2024 оқу жылының күзгі семестріне арналған сабақ кестесі
 
Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы университеттің барлық оқыту бағдарламаларының 1 курс білім алушылары үшін «Қазақ тілі» пәнін (деңгейлер бойынша) және магистратураның білім беру бағдарламалары үшін «Қазақ тілі» (Кәсіби) пәнін жүргізеді.
Оқу үрдісінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және оқытудың жаңа технологиялық құралдары қолданылады.
2024-2025 оқы жылында кафедраның оқу-әдістемелік семинарында қарастырылатын баяндамалар:
- «Мультимедиалық оқыту технологиясы» — Хасен М.Ә., аға оқытушы (қазан 2024);
 - «Техникалық университетте қазақ тілін (кәсіби) оқытудың тиімді жолдары» — Сагатова Г.К., аға оқытушы, п.ғ.м. (қараша 2024);
 - «Қазақ тілі» сабағында тест әдістерін қолдану» — Абилкасов Г.М., аға оқытушы, п.ғ.м. (желтоқсан 2024);
 - «Коммуникативтік оқыту ұстанымы – тілдік дағдыларды дамыту» — Нуржанова К.К., аға оқытушы, п.ғ.м. (желтоқсан 2024);
 - ««Проблемалық оқыту технологиясы» — Кенжебекова А.Е., оқытушы, п.ғ.м. (қаңтар 2025);
 - «Қазақ тілін оқытуда жасанды интеллектіні қолдану» — Жалдыбаева А.Ж., оқытушы, п.ғ.м. (ақпан 2025);
 - «Қашықтан оқыту технологиясы» — Абдикадирова А.Ж., оқытушы, п.ғ.м. (наурыз 2025);
 - «Білім берудегі жаңа тәсілдерді сабақта тиімді пайдаланудың жолдары» — Оспангалиева М.Т., аға оқытушы, п.ғ.м. (сәуір 2025);
 - «Аударма жұмыстарын дамытудың маңыздылығы» — Хамзина К.М., доцент, ф.ғ.к. (мамыр 2025);
 - «Тіл үйретуде қолданылатын әдіс-тәсілдер» — Байпелова Г.С., аға оқытушы (маусым).
 
Оқу процесінің ғылыми ұйымдастырылуының негізгі теориялық және практикалық аспектілері мына бағыттардан көрініс табады:
- оқу процесін жоспарлау, орындау және тексеру;
 - оқу процесін оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету;
 - студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы;
 - сыртқы ортамен байланыс орнату және дамыту.