Оқу процесі


«Физика» кафедрасы


Кафедрада студенттердің дайындығын жақсарту мақсатында барлық мамандықтарды оқыту формалары бойынша оқытушыларға арналған оқу-әдістемелік кешендер жасалып және бекітілді.

Ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолданатын көрнекі оқыту әдісімен материал ұсыну үшін Физика, Физика 1, Физика 2 пәндерінің барлық бөлімдері үшін оқу-әдістемелік база құрылды, оған электронды оқулықтар, оқу құралдары, әдістемелік нұсқаулар, слайд-дәрістер, видео-дәрістер, мультимедиялық презентациялар, виртуалды зертханалық жұмыстар кіреді. Сабақтардың көрнекілігі материалды анық беруге мүмкіндік береді, бұл ақпаратты жақсы түсінуге және игеруге ықпал етеді.

Сабақтарды қашықтықтан өткізу үшін YouTube-те «Кафедра физики КарТУ» арнасы құрылды, онда дәрістер, зертханалық жұмыстар, семинар сабақтарын көруге арналған видеолар бар.

 

Қазақстан Республикасы ЖОО қауымдастығының тапсырысы бойынша кафедра оқытушылары оқулықтарды мемлекеттік тілге аударып және шығарылды:

  • «Механика негізгі заңдар»,
  • «Электр және электроника»,
  • «Заманауи физика».
Аударма авторлары: Маженов Н.А., Смирнов Ю.М., Кенжин Б.М. (орыс тілі)
Аударма авторлары: Маженов Н.А., Смирнов Ю.М., Маженова О. (ағылшын тілі)
Аударма авторлары: Маженов Н.А., Смирнов Ю.М., Смакова Н.С. (ағылшын тілі)

Аударма авторлары: Маженов Н.А., Камбарова Ж.Т., Маженова О. (ағылшын тілі)

 

Бакалавриаттың оқу процесін қамтамасыз ету үшін, оның ішінде «Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламасына қатысушылар үшін кафедра оқытушылары «Электр және электрониканың физикалық негіздері» оқулығын дайындап және басып шығарды. Оқулық техникалық ЖОО бакалавриаты үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұсынған.

Авторлар: Маженов Н.А., Смирнов Ю.М., Копбалина К.Б.

Кафедрада техника бакалаврларын жаратылыстану-ғылыми даярлауды жүзеге асыру үшін жеткілікті материалдық қоры бар. Кафедраның қарамағында 14 оқу аудиториясы бар, олардың ішінде:

— бір үлкен дәріс аудиториясы 208 орынға арналған.

— әрқайсысы 70 орынға арналған 2 дәріс аудиториясы. Барлық дәріс аудиториялары компьютерлермен және бейне проекторлармен жабдықталған. Кафедрада барлығы-7 видеопроектор бар. 3 аудитория интерактивті тақталармен жабдықталған.

Кафедраның қарамағында 16 дербес компьютерлермен жабдықталған, оқу бағдарламалары орнатылған 1 мультимедиялық компьютерлік аудиториясы бар.

Кафедрада 6 зертханалық жұмыстарды жасайтын оқыту жүзеге асырылады, онда 70 зертханалық стендтер (қондырғылар) орналасқан, олардың негізінде студенттер физиканың барлық бөлімдері бойынша зертханалық жұмыстарды орындауға мүмкіндік алады. Зертханалар нәтижелерді цифрлық өңдеу бағдарламаларымен жабдықталған.

Кітап қорының көлемі: кітапханада 3973 дана орыс тілінде, 1210 қазақ тілінде, кафедрада 339 дана орыс тілінде, 123 қазақ тілінде. Соңғы жылда 100 дана қазақ тілінде және 100 дана орыс тілінде сатып алынды.

 

Без рубрики