«Өнеркәсіптік көлік» ғылыми-техникалық орталығы

«Профессор А.Н. Данияров атындағы Өнеркәсіптік көлік» кафедрасында 2013 жылы ҚарМТУ-дың 60 жылдығына орай «Өнеркәсіптік көлік» Ғылыми-техникалық орталығын (ҒТО) ашу туралы шешім қабылданды.

ҒТО басшысы Балабаев Оюм Темірғалиұлы («Тау-кен машиналары» мамандығы бойынша техника ғылымдарының кандидаты; «Көлік, тау-кен және құрылыс машина жасау» мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор (доцент)) тағайындалған болатын және қазіргі уақытта да басшысы болып табылады.

«Өнеркәсіптік көлік» Ғылыми-техникалық орталығының негізгі міндеттері:

  • ғылыми-зерттеу, жобалау-конструкторлық және сараптамалық жұмыстар жүргізу;
  • жаңа техника мен технологияларды әзірлеу;
  • қолданбалы ғылыми зерттеулер мен инжинирингтік қызметтер жүргізу.

ҒТО қызметкерлері – жоғары білікті мамандар – техника ғылымдарының докторлары, техника ғылымдарының кандидаттары және ғылым магистрлерінің ұжымы. Негізгі құрам: т.ғ.д., профессор Малыбаев С.Қ.; т.ғ.к., доцент Дедов А.Н.; т.ғ.д., аға оқытушы Хайбуллин Р.Р.; т.ғ.к., доцент Акашев А.З.; т.ғ.к., доцент м.а., Рожков А.В.; т.ғ.к. доцент м.а., Михайлов В.Ф.; PhD Асқаров Б.Ш.; магистр Қосбармақов С.Ж.; магистр Кенжекеева А.Р.; магистр Исина Б.М.; магистр Абдығалиева С.Ж.;  магистр Үмбетжанова Ә.Т.; магистр Бейсембаев Д.М.; магистр Қанат Ф.Е.; магистр Альжанова Ә.Қ.; докторант Қасымжанова А.Д.; магистрант Атькен Е.

ҒТО қызметі барысында орындалды:

  • өнеркәсіптің әр-түрлі салалары үшін (көлік, тау-кен, құрылыс, машина жасау, энергетика, металлургия, сондай-ақ коммуналдық шаруашылық үшін)жаңа жабдықтар, техника мен технологиялар әзірленген, оларға 100-ден астам ҚР және РФ патенттері, сондай-ақ авторлық құқық куәліктері алынды;
  • «Нұрқазған» кенішінде («Қарағандытүстімет» ӨБ, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалы) неғұрлым ұтымды конструктивтік және пайдалану параметрлерін айқындау есебінен магистральдық ленталық конвейер жұмысының тиімділігін арттыру» конструкторлық-технологиялық жұмысы (шаруашылық келісімшарт сомасы 2 млн. теңге);
  • «Тау-кен қазбаларында электр жабдықтарын орнату бойынша стандартты әзірлеу» («Қазақмыс корпорациясы» ЖШС)» ғылыми-зерттеу жұмысы (шаруашылық келісімшарт сомасы 1 млн. теңге);
  • «Қазхром» ТҰК» АҚ Ақтөбе ферроқорытпа зауытында ферроқорытпаларды тасымалдауға арналған металл сыйымдылықтарды сараптау (Ақтөбе қ.);
  • «Соколов-Сарыбай кен-байыту комбинаты» АҚ темір жол өтпелерін қауіпсіз пайдалану мерзімін ұзартуға сараптама (Рудный қ.);
  • машиналар мен жабдықтарды қауіпсіз пайдалану мерзімін ұзартуға сараптама: «ҚАЗАҚМЫС КОРПОРАЦИЯСЫ» ЖШС Балқаштүстімет ӨБ Мыс балқыту зауытында; «ЛАД КӨМІР» ЖШС «Қарағанды» КҚО; «Шұбаркөл Көмір» АҚ және т.б.

2018-2020 жылдары ҒТО қызметкерлері Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің ғалымдарымен бірлесіп AP05132295-OT-20 «Әр-түрлі органикалық қалдықтарды анаэробты ашыту және биогаз, органикалық-минералды тыңайтқыштар өндірісі үшін биомассаны араластырудың және циркуляциялаудың оңтайлы жүйесі бар тәжірибелік-өнеркәсіптік қондырғыны әзірлеу» Республикалық грантын іске асыруға қатысты (грант сомасы 23,9 млн. теңге; іске асыру мерзімі 2018-2020 жж.).

2022 жылы ҒТО қызметкерлері «Теміржол платформаларымен тасымалданатын контейнерлерге астық жүгін тиеуге арналған стационарлық көтергіштің конструкциясын әзірлеу және зерттеу» AP14869550 Республикалық грантын жеңіп алды (грант сомасы 30 млн.теңге; іске асыру мерзімі 2022-2024 жж.).

«Өнеркәсіптік көлік» Ғылыми-техникалық орталығы

қызметінің негізгі бағыттары

Қызмет түрі Құны,

теңге

1 ОҚУ ҚЫЗМЕТІ (типтік және жеке әзірленген бағдарламалар бойынша):
1.1 — әр-түрлі ұйымдар мен өнеркәсіп кәсіпорындары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру; Шарттық
1.2 — жоғары оқу орындарының  профессорлық – оқытушылық құрамының біліктілігін жоғарлату және тағылымдамадан өту; Шарттық
1.3 — докторанттар мен магистранттардың тағылымдамасы. Шарттық
2 ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ:
2.1 — авторлық құқық куәлігін ала отырып, әдістерді, әдістемелерді, бағдарламалар мен стандарттарды әзірлеу; 50 000-500 000
2.2 — ЭЕМ-ге арналған бағдарламаларды әзірлеу (электрондық оқулықтар мен оқу құралдары). 50 000-100 000
3 ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТ:
3.1 — ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық жұмыстарды орындау; Шарттық
3.2 — жаңа техника мен технологияларды әзірлеу; Шарттық
3.3 — зерттелетін жүйелер мен процестерге, соның ішінде Mathcad, Scilab және т. б. бағдарламалық орталарда математикалық модельдерді әзірлеу.; Шарттық
3.4 — эксперименттік зерттеулер жүргізу үшін сынақ стендтерін және тәжірибелік-өнеркәсіптік қондырғыларды әзірлеу; Шарттық
3.5 — тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар мен эксперименттік зерттеулерге арналған эксперимент бағдарламаларын әзірлеу; Шарттық
3.6 — эксперименттік зерттеулердің нәтижелерін өңдеу және талдау жүргізу; Шарттық
3.7 — ANSYS, SOLIDWORKS, SCAD, ЛИРА және т.б. бағдарламалық орталарда техниканың және олардың жұмысының технологиялық процесінің имитациялық 3D модельдерін әзірлеу; Шарттық
3.8 — ANSYS, SOLIDWORKS, SCAD, ЛИРА және т.б. бағдарламалық орталарда имитациялық сынақтарды орындау; Шарттық
3.9 — AutoCAD, КОМПАС, Corel және т.б. қолданбалы бағдарламаларында эскиздік, техникалық және жұмыс жобаларына арналған сызбалар әзірлеу Шарттық
3.10 — жаңа техника мен технологияларды әзірлеуге техникалық тапсырманы рәсімдеу. Шарттық
4 ПАТЕНТТІК ҚЫЗМЕТ:
4.1 — ҚР патенттерін рәсімдеу және тіркеу; 200 000 бастап
4.2 — авторлық құқық куәліктерін (ғылым туындыларын және т.б.) рәсімдеу және тіркеу; 40 000 бастап
4.2 — авторлық құқық куәліктерін (тауар белгілерін, логотипті және т.б.) рәсімдеу және тіркеу; 80 000 бастап
4.3 — авторлық құқық куәліктерін рәсімдеу және тіркеу – ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар (есептік бағдарламалар, электрондық оқулықтар, мобильді қосымшалар және т.б.); 40 000 бастап
5 САРАПТАМАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ:
5.1 — өндірістік кәсіпорындар құрылысының, сондай-ақ жаңа технологиялық желілерді, көлік-технологиялық және логистикалық схемаларды іске қосудың консалтингі; Шарттық
5.2 — өндірістік тәуекелдерді тәуелсіз бағалау (қауіптерді сәйкестендіру, тәуекелдерді бағалау және тәуекелдерді басқару); Шарттық
5.3 — одан әрі пайдаланудың ықтимал мерзімін айқындау үшін өнеркәсіптік өндірістік объектілерде қолданылатын, оның ішінде пайдаланудың нормативтік мерзімінен өткен техникалық құрылғылардың (машиналардың, жабдықтардың, механизмдердің және т.б.), технологиялардың, материалдардың өнеркәсіптік қауіпсіздігіне сараптама жүргізу; Шарттық
5.4 — өнеркәсіптік өндірістік объектілердегі, оның ішінде пайдаланудың нормативтік мерзімінен өткен ғимараттар мен құрылыстардың (көпірлердің, өтпежолдардың және т.б.) жай-күйінің өнеркәсіптік қауіпсіздігіне одан әрі пайдаланудың ықтимал мерзімін айқындау үшін сараптама жүргізу; Шарттық
5.5 — техникалық құрылғылар мен техникаларға сараптама және паспорттау жүргізу (паспорттар-телнұсқаларды дайындау, паспорттарды толықтыру). 20 000-100 000

«Өнеркәсіптік көлік» ҒТО байланыстары

ҒТО жетекшісі: Балабаев Оюм Темірғалиұлы.

E-mail: balabaev.ot@mail.ru.

Телефон (моб.): 8 701 257-54-05.

Телефон (қалалық): 8 (7212) 56-59-32, ішкі телефон: 2051; 8 (7212) 56-24-32.