«Наурыз жыл басы» атты әдеби дастархан


2017 жылы  15 наурызда сағат 15.00- де Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында Наурыз мейрамын тойлауға арналған, «Наурыз жыл басы» атты іс-шаралық әдеби дастархан өткізілді.

Іс-шара барысында ҚарМТУ шығармашылық үйірмелеріне қатысушы студенттер өздерінің өлең оқу туындыларымен және домбыра тарту өнерлерімен қатысқандар:

  1. «Сөз патшасы» поэзия клубынан: Әмірғазы Еламан ТЭ-14-1 тобының студенті және Несіпбай Аружан ОПИ-16-1 тобының студенті;
  2.  «Сарыарқа сазы» домбыра ансамблінен: Дәулет Қабдыраш  ФИЭМ-16-1 тобының студенті және Дәулетханов Ерасыл НД-16-2 тобының студенті.

Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының басшылығымен ҚарМТУ ректоры, профессор М.К. Ибатов мырзаға студенттердің белсенді қатысқаны үшін және «Сөз патшасы» поэзия үйірмесінің жетекшісі А.Қ. Мужимова «Наурыз жыл басы» атты әдеби дастарханды ұйымдастыруда атсалысқаны үшін алғыс хат қағазы табыс етілді.

Без рубрики