НАУРЫЗ-ҚҰТ, БЕРЕКЕ БАСТАУЫ


16.03.2024ж. «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ  «Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасының меңгерушісінің м.а., ф.ғ.к., доцент Қ.М.Хамзинаның, аға оқытушылар Хасен М.Ә., Әбілқасов Ғ.М. ұйымдастыруымен қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының этнографиялық мұражайында «Наурыз – құт, береке бастауы» атты мерекелік әдеби – музыкалық кеш өтті.

Әдеби – музыкалық жиында  «Ұлттық тәрбие тағылымы» үйірмесінің мүшелері Батыршаев Амирхан АИУ -23-3, Мәліков Марал, Ахметова Толғанай СИБ-22-2, Бестембек Алмас АИУ-23-3, Даутова Саида АРХ-23-6, Мамедова Эмина АРХ-23-6 және университетіміздің өнерлі студенттері Ернат Аманжол, Ерболат Мұрат «Наурыз» мейрамына арналған өлең-жырларын мәнерлеп оқып, қазақтың атақты  композиторлары Құрманғазы Сағырбайұлының «Балбырауын», «Сарыарқа», Тәттімбет Қазанғапұлының «Сарыжайлау», «Көкейкесті», Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу», «Әлқисса» күйлері мен қазақ вальсінің королі атанған Шәмші Қалдаяқов пен белгілі қазақ сазгерлері ЕскендірХасанғалиевтің, Ілия Жақановтың, Төлеген Мұхамеджановтың, Лена Әбдіхалықованың  әндерін нақышына келтіріп орындады.

Осы мәдени-іс шара барысында  ВТ-23-1 тобының студенттері Алибеков Ален мен Макаренко Никита қазақтың ұлттық ойындары «Асық ату»  мен «Көкпар» туралы баяндап, қызықты деректер келтірді. Кешке келген қонақтар ризашылықтарын айтып тарасты.

Без рубрики