«Түркі әлемі: Күлтегін жыры-Ұлы дала дастаны» атты ғылыми-тәжірибелік байқау-конференциясы болып өтті


КММ «Қоғамдық келісім» Қарағанды облысы әкімі аппаратының ғимаратында  21 мамырда  өткізілген «Түркі әлемі: Күлтегін жыры-Ұлы дала дастаны» атты  ғылыми-тәжірибелік байқау-конференцияна ҚарМТУ Инновациялық технологиялар колледжінің 1 курс студенті Сыргий Анастасия қатысып, ІІ орынға ие болды. Жүлде қоры 30.000 теңге. Байқау 3 кезеңнен тұрды, Мемлекеттік тілде өткен байқауға облыстың барлық өңірінен 50-дей қатысушы қатысты.

Сыргий Анастасия екінші іріктеу кезеңіне өтіп, «Күлтегін» жырының 10-бөлімінен үзіндіні жатқа айтып, мемлекеттік тілді меңгергені туралы қабілетімен қазылар алқасын ерекше әсерде қалдырды.

 

 

 

 

Без рубрики