Музыкалық байқау «Қазақ мәдениетінің жаңа үлгісі»


Музыкалық байқау «Қазақ мәдениетінің жаңа үлгісі»

Жастар жылы аясында 2019 жылы 14 ақпанда Жоғары математика кафедрасының кураторлық сағатында ОП-18с және ТТ-18с топтарының студенттері арасында «Қазақ мәдениетінің жаңа үлгісі»атты музыкалық сайыс өткізілді.

      

Топ кураторлары Шегебаева Г. Е. және Мергембаева А. Ж. студенттермен бірге осы тақырыпқа, бүгінгі күні ұмытылған домбыра, қобыз, қылқобыз, жетіген, сазсырнай сияқты ұлттық аспаптар туралы презентация дайындады.Студенттер қазақ халқының мәдени мұрасын қайта ашып, көне және заманауи музыкалық аспаптар арасындағы ұқсастықты жасады.

     

Музыкалық сайыс барысында топтар арасында «Әуенді тап» байқауы өткізілді, онда бүгінгі таңда танымал қазақ эстрадалық әндер мен өткен жылдардағы әуендердің заманауи өңделуі айтылды.

Бұл кураторлық сағатқа ақсақалдар кеңесінің мүшесі, Жоғары математика кафедрасының профессоры Адилбек Н.А. және аға куратор, аға оқытушы Алимова Б. Ш. қатысты.

Без рубрики