Молдаханов Бекболат Аскерхановичтың докторлық диссертациясын қорғау туралы


«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ (PhD) философия докторы дәрежесін алу үшін Молдаханов Бекболат Аскерханович 8D071 – «Инженерия және инженерлік іс» бағыты, 8D07102 – «Машина жасау» мамандығы бойынша «Қалақшалы үдеткішпен жабдықталған фрезерлік-роторлы қар тазалағыштың бұрандалы қоректендіргішінің конструкциясын әзірлеу және ұтымды параметрлерін анықтау» тақырыбында докторлық диссертациясы қорғалады.

Қорғау тілі: орыс тілі.

Диссертациялық жұмыс «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КеАҚ Машина жасау мектебінде орындалған.

Ресми рецензенттер:

  1. Қасенов Асылбек Жумабекович — техника ғылымдарының кандидаты, Торайғыров университетінің «Машина жасау және стандарттау» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Павлодар қ., Қазақстан Республикасы.
  2. Юрченко Василий Викторович — PhD, «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ «Технологиялық жабдықтар, машина жасау және стандарттау» кафедрасының меңгерушісі, Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы.

Ғылыми кеңесшілер:

  1. Дудкин Михаил Васильевич – техника ғылымдарының докторы, «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КЕАҚ Машина жасау мектебінің профессоры, Өскемен қ., Қазақстан Республикасы.
  2. Кустарев Геннадий Владимирович – техника ғылымдарының кандидаты, Мәскеу мемлекеттік көлік-жол университетінің «Жол-құрылыс машиналар» кафедрасының меңгерушісі, Мәскеу қ., Ресей Федерациясы.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

  1. Суюнбаев Шинполат Мансуралиевич – техника ғылымдарының докторы, Ташкент мемлекеттік көлік университетінің профессоры, Ташкент қ., Өзбекістан Республикасы.
  2. Шеров Карибек Тагаевич – техника ғылымдарының докторы, «С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ «Технологиялық машиналар және жабдықтар» кафедрасының профессоры, Астана қ., Қазақстан Республикасы.
  3. Балабекова Қырмызы Гинаятовна – PhD, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Көлік, көлік техникасы және технологиялар» кафедрасының доценті, Астана қ., Қазақстан Республикасы
  4. Мехтиев Али Джаванширович — «С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ «Электржабдықтарды пайдалану» кафедрасының доценті, Астана қ., Қазақстан Республикасы.
  5. Кунаев Вячеслав Александрович – PhD, «Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ «Технологиялық машиналар мен көлік» кафедрасының доценті, Темиртау қ., Қазақстан Республикасы

Қорғау өтеді: 2023 жылғы 27 маусымда сағат 10.00-де «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ-да 8D07101 «Машина жасау», 8D07102 «Көлік, көлік техникасы және технологиялар», 6D071200 «Машина жасау» және 6D071300 «Көлік, көлік техникасы және технологиялар» мамандықтары бойынша диссертациялық кеңесте, мекен жайы: 100027, Қарағанды қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 56, бірінші корпус, 236 дәрісхана. Қорғау онлайн режимде Zoom платформасында (ID 938 054 8821, рұқсат коды 1953) өтеді.

Веб-сайттың мекенжайы: www.kstu.kz                Е-mail: bek_m78@mail.ru

Диссертациялық жұмыстың мазмұны бойынша бейресми пікірлерді одан әрі қорғауға ұсыну үшін диссертациялық кеңестің ғылыми хатшысы Сулеев Бахтияр Данияровичтың электрондық поштасына culeev_bahtiyar@mail.ru жіберу қажет.

https://youtu.be/Rmql1p7vZrA

Без рубрики