Мемлекет басшысының Алғыс хаттары табысталды


Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы Нұркен Кобжанов жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдумда азаматтық жауапкершілік танытқан бірқатар белсенділерге Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хаттарын табыстады.

Марапатталғандардың қатарында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Басқарма төрағасы – ректоры Сауле Сагинтаева және әлеуметтік-тәрбие ісі жөніндегі проректор Абай Қалықов бар.

Іс-шара барысында марапат иелерінің референдумды ашық өткізуге қосқан үлесі, сондай-ақ азаматтық қоғамды дамытудағы рөлі атап өтілді.

Без рубрики