«Коммутациялық жүйелер» тақырыбындағы дәріс сабағының шеберлік класы


2019 жылдың 15 қарашасында БЖТ кафедрасында доцент м.а., PhD Сериков Т.Г. «Цифрлық коммутация жүйесі» пәні бойынша дәріс сабағының шебер класы өткізді. Сабақ тақырыбы — «Коммутациялық жүйелер». Дәріс РЭТ-16-1 және РЭТ-16-2 топтары үшін өткізілді. Шеберлік класы талқылау және пікірталас түрінде өткізілді, нәтижесінде жеңімпаздар және жүлделі 2-орын анықталды. Сабақ басында әрбір команда қысқаша таныстыру бейнесін ұсынды, сондай-ақ командалар АТС-да студенттің 1 күні қалай өтетінін сипаттады. Одан әрі екі топ арасында конкурс өткізілді. Конкурс 3 кезеңнен тұрды: телекоммуникация мәселелері бойынша сұрақ айдары, АТС тақырыбы бойынша пікірталас және үй тапсырмасының нәтижелерін ұсыну. Қазылар алқасының құрамына БЖТ кафедрасының меңгерушісі В. В. Югай, ЭАТФ тәрбие жұмысы жөніндегі деканның орынбасары Ф. Б. Абильжанова, ЭАТФ деканы Ф. Н. Булатбаев және «Қазақтелеком» АҚ РС қызметінің жетекші инженері Г. Молдабекова кірді. Марапаттау ретінде командаларға грамоталар, кубоктар және ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

 

 

 

Без рубрики