МАШИНА ЖАСАУ – ИНДУСТРИЯНЫҢ ТІРЕГІ


Машина жасау – өндірістің дамуын, технологиялық жаңғыруды және инженерлік әлеуетті айқындайтын маңызды сала. Бұл бағытта еңбек етіп жүрген мамандардың кәсібилігі мен инженерлік ізденісі ел экономикасының өркендеуіне, отандық өндірістің дамуына және жаңа технологиялардың енгізілуіне зор үлес қосып келеді.

Saginov Technical University машина жасау саласының мамандары мен ардагерлерін, оқытушыларын, студенттері мен түлектерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтайды!

Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке, еңбектеріңізге табыс тілейміз! Жаңа идеялар мен жобалар сәтті жүзеге асып, кәсіби жетістіктеріңіз еселене берсін. Отандық машина жасау саласы қарқынды дамып, инженер мамандардың абыройы әрдайым биік болсын!

Машина жасаушылар күні құтты болсын!

 

 

Без рубрики