Магистратурада білімін жалғастырып, кәсіби мүмкіндігін кеңейткісі келетін талапкерлер үшін маңызды кезең басталды.
12–18 тамыз аралығында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде магистратураға мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылданады.
Өтінішті университетке офлайн түрде тапсыру қажет.
Грантқа өтініш берушілер өзімен бірге мына құжаттардың түпнұсқаларын алып келуі тиіс:
▫️ жеке куәлік;
▫️ диплом және оның қосымшасы;
▫️ басып шығарылған КТ сертификаты.
Білім мен кәсіби дамуға жаңа қадам жасағыңыз келсе, мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!
Өтініштер Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің қабылдау комиссиясында офлайн түрде қабылданады.
Қосымша ақпарат үшін:
+7 775 212 66 85
+7 701 417 68 98