Шетел тілдері кафедрасы студенттер мен магистранттарды «LinguaDiscovery» ғылыми студенттік клубының семинарларына қатысуға шақырады.
Студенттік клубтың басты мақсаты тіл және заманауи мәдениет саласындағы қолданбалы лингвистиканың өзекті мәселелерін зерттеу.
Клуб міндеттері:
- Шетел тілдерін меңгеру деңгейін көтеру;
- Студенттердің мәдениетаралық құзіреттіліктерін жетілдіру;
- Студенттерді ШТ кафедрасының ғылыми- зерттеу қызметіне жұмылдыру;
- Студенттердің лингвистикалық білімге деген құштарлықтарын арттыру;
- Студенттерді ғылыми және көркем әдебиеттермен жұмыс істеуге (іздеу, таңдау, талдау, жүйелендіру);
- Ғылыми пікірталас жүргізуге, өз қорытындысын шығаруға, көпшілік алдында сөйлеуге үйрету;
- Студенттерді ғылыми- тәжірибелік конференцияларға, сонымен қатар шетелдік, қатысуға тәрбиелеу.
Клуб келесі бағыттарда жұмыс жасайды:
1. тұжырымдар теориясы
2. шетел әдебиеті
3. елтану
4. аудармашылық мәселелері
5. Лексикология және фразеология
6. тіл және діл
Клуб жұмысында келесі қызмет түрлері жүзеге асады:
- Пікірталастар
- Презентацияларды қорғау
- Дөңгелек үстел
- Блиц-сауалнама
- Интеллектуалдық ойын
Отырыстар ұйымдастыру
1. ғылыми студенттік клубы отырысы айына 2 рет. Қажет ақпарат алу үшін шетел тілдері кафедрасының СҒЗЖ-на жауапты оқытушысы С.А. Бейсехановаға бару қажет. (1 ғимарат, 430 б., 56- 59-32, ішкі 1152, әр сейсенбі сайын);
2. отырыс алдын ала таңдалған бағыт, тақырып және отырыс формасы бойынша өтеді;
3. отырысқа дейінгі 7 күн бұрын бағыт жетекшісі отырыстың өтетін тақырыбы, орыны және уақыты туралы ақпарат іледі. Бос орын, мультимедиялық құрал- жабдықпен қамтамасыз ету бағыт жетекшісіне жүктеледі.