Әлемді таны. Шетелде білім ал. Жаңа мүмкіндіктерге жол аш!
Студенттік шақ – тек аудитория мен дәріспен шектелетін кезең емес. Бұл – өзіңді сынап көруге, жаңа елдерді көруге, басқа мәдениетті танып, әлемнің әр түкпірінен достар табуға ең қолайлы уақыт.
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламасы арқылы шетелдік жоғары оқу орындарында білім алып, халықаралық академиялық ортада тәжірибе жинақтай алады.
Басқа елде оқу – жаңа білім ғана емес. Бұл – шет тілін күнделікті ортада жетілдіру, жаңа көзқарас қалыптастыру, түрлі елдердің студенттерімен танысу, халықаралық байланыс орнату және өзіңе деген сенімді арттыру мүмкіндігі.
Бүгін таныс емес қала ертең сенің студенттік өміріңдегі ең жарқын естеліктердің біріне айналуы мүмкін. Ал жаңа таныстықтар болашақта кәсіби серіктестікке, ортақ жобаға немесе үлкен мүмкіндікке айналады.
Шекара асып, әлемді өз көзіңмен танығың келсе – мүмкіндігіңді жіберіп алма!
Бағдарламаға қатысу талаптары мен қолжетімді университеттер туралы ақпаратпен карусельден таныса аласыз.


