28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған ашық кураторлық сағат


22 сәуір күні «Кеніштік аэрология және еңбекті қорғау» кафедрасының БЖД-17-1 тобының студенттері арасында «28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне» арналған ашық кураторлық сағат өтті.

Кураторлық сағатта Республикалық еңбек қорғау ғылыми-зерттеу институты РМҚК Қарағанды облыстық филиалының әдіскері Малдыбаева Роза Бахгабековна дәріс оқыды. Мамандыққа байланысты пайдалы мағлұматтар айтылды. Онда өндірістік жерлердегі қауіпсіздік, еңбекті қорғау, осы саланың иесінің міндеттері мен құқықтары жазатайым оқиғалар мен кәсіби аурулардың алдын-алу т.б. жайлы шолу жасалды. Дәріс барысында студенттер мамандықтарына қатысты көкейлерінде жүрген сұраққа толық жауап алды.

Кураторлық сағатқа тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары Тунгышбаева А.Т., кафедра меңгерушісі Жолмагамбетов Н.Р., кафедраның аға кураторы Медеубаев Н.А., университет Ақсақалдар алқасының мүшесі Шарипов Н.Х.  және БЖД-17-1 тобының кураторы Народхан Д. қатысты.

 

Без рубрики