«Ұмытылмас тағдырлар» тақырыбында дөңгелек үстел


Жыл сайын 1997 жылдан бастап 31 мамырда Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аталып өтеді. Осыған орай 2019 ж. 16 мамырында «Серпіндестер ордасы» жатақханасының  акт залында «Ұмытылмас тағдырлар» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

Кешке қатысушылар бір минут үнсіздікпен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды. Бүгінгі жас ұрпақ үшін, азат, тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы үшін оларды еске алу және есте сақтау қасиетті парыз.

Шараның жалғасында қатысушыларға «Карлаг» атты слайд ұсынылып, лагерь тұтқындарының естеліктерінен үзінділер, қуғын-сүргін құрбандарына арналып, өлеңдер оқылды

Іс шараның ұйымдастырушылары «Серпін» оқу орталығы мен патриоттық тәрбие беру ҒЗИ.

 

Без рубрики