Қошанова Нәсіпжан


Америкадағы семестр

Даниел  ЭриксонБаршаңызға сәлем! Мен – Қошанова Нәсіпжан Мейрамбайқызы, КТЖИ факультетінің СИБ 11-2 тобының студентімін. Қарашадан наурыз айына дейін мен Америка Құрама Штаттары, ҚарМТУ ұзақ бойы қызметтестік жасайтын Луизиана Техникалық Университетінде оқыдым. Америкада оқуға мүмкіндігін «Академиялық мобильділік» бағдарламасы маған ұсынды. Бұл бағдарлама туралы мен ағылшын тілі мұғалімінен бірінші курста біліп, қатысамын деп шештім. Қажетті құжаттарды жинап, жауабың күттім. Біраз уақыт өткен соң мен осы бағдарламадан өттім деген мәлімдеме келді, мен оны көргенде, өте қуанып, мәз болып, өтемін деп те ойлаған жоқпын. Мен тағы екі СҚИ студенттерімен, Пономарева Светлана және Сафиуллина Динамен Америкаға бардым. Осы 3 айдың ішінде біз бір-бірімізбен достасып, бір жанұядай болдық.
Университет Луизиана штатында, Хьюстоннан алыс емес Растон қаласында орналасқан. Растон ғажайып табиғаты бар шағын қала, ал Louisiana Tech University Американың ең үздік университеттер санына кіреді.

Бізді өте жылоы қарсы алды. Президент Dan Erickson кампус бойынша таныстыру экскурсиясын өткізді. Сол күні бізге ЛТУ студенттің мәртебесін білдіретін карталарын беріп, жатақханада жайғастырды. Келесі күні біз пәндерді таңдадық.
Бұл университеттегі білім жүйесі біздікінен өте ерекшеленеді. Оқу триместрлерге бөлінген, оқу 3 ай, одан кейін 2 апта демалыс және келесі триместр басталады. Студенттер пәндерді өздерінің болашақ мамамндығына байланысты таңдайды, бұл жерде негізгі пән және 2 немесе 3 қосымша пән облу керек. Оқыту қашықтық түрінде өтеді, барлық қажетті ақпаратты біз университеттің арнайы сайтында алдық. Мен компьютер технологиялары факультетінде оқыған соң, негізгі пән ретінде Компьютерлік бағдарламалауға кіріспе, ал басқа екі пән Calculus 1(математика, матанализ) және Әлеуметтану болды. Dr.JohnGourd Бағдарламалау бойынша оқытушы, профессор ассистенті Dr. John Gourd болды. Ол өз ісінің маманы ғана емес, сонымен қатар, тамаша, өте көңілді және әзілді жақсы түсінетін адам.Біз бағдарламалауда Java, XML тілдерінде бағдарламалауға, MITAppInventor, BlueJ жұмыс істеуге, әр түрлі бағдарламаларды жасап, Android үшін ойындарды құрдық. Маған бұл оқытудың әдісі өте ұнады. Барлық дәрістерді ол қашықтық түрінде өткізді, әр дәрістен кейін студент сабақтан қалған жағдайда видеодәрістерін сайтқа жүктеді. Үй жұмысы, зертханалық жұмыстар сайтта орындалып, сайтқа жүктелетін. Өзіміздің бағаларымызды сайтта да көре алдық. Семестр кезінде біз 2 маңызды емтихан Midterm және Finalexam, сонымен қатар семестр ортасында Жаңа Жыл демалыстарынан кейін шағын емтихан тапсырдық. Триместр соңында біз топтық жобамен айналыстық, оқытушы сыныпты 9 топшаға бөлді. Барлық сыныппен біз ән шығаратын және ойнайтын ToneMatrix бағдарламасын құрдық. Маған топта жұмыс істеу өте ұнады, себебі мен жаңа балалармен таныстым, бір-бірімізге көмектесіп, білімдермен бөлісіп, мен өзім үшін көп жаңа таныдым. Математика оқытушысы Dr. Dave Meng болды. Өте жақсы оқытушы, өз ісің біледі, тамаша адам. Барлық үй жұмысы сайтта орындалды. Біз 3 және алдыңғылардың негізінде бір қорытынды емтихан Dr.Dave Mengтапсырдық. Әлеуметтану оқытушысы Dr.Shawn Alan Trivette болды. Өте жақсы адам және оқытушы, өз ісінің кәсіпқойы, өте ақылды; оның сабақтары қызықты өтті және келесі жолы не болатынын болжау қиын болды. Әлеуметтану ең қызықты пән болды, себебі сабақтар өте қызықты және мазмұнды өтті, оқытушы материалды жақсы ұғу үшін сабақтарды ойын формасында өткізді. Әр сабақта оқытушы тесттегі жауапты таңдау үшін арнайы пульт clicker көмегімен Quiz тестілеу өткізетін. Ол кім үй жұмысын орындағанын бақылауға көмектесті. Әр сабақта бізге 2 бағдарламаны оқуға беретін және осы мақалалардың негізінде біз тестілеуден өттік.Семестр кезінде біз тест сұрақтары түрінде 3 емтихан тапсырып эссе жаздық. Маған көбіне эссе жазуға ұнады. Бізге тақырып таңдау керек болды, жалпы 8 тақырып болды. Өткне материал негізінде бұл жұмысты орындау өте қызықты болды. Әлеуметтануда мен өте көп қажетті ақпарат білдім, біз Америка экономикасын, саяси жағдайды, әр түрлі әлеуметтік сұрақтарды зерттедік. Мен осы пәндерді таңдағаныма өте қуандым, себебі әр пән маған жаңа және қызықты болды. Оқудан басқа біз әр түрлі топтарға, спорт залына да бардық. Университеттен алыс емес LambrightSportCenter болды, бұл жерде би, спортзал, жүзу бассейні және тағы басқа орналасқан. Dr. Shawn Alan TrivetteБіз сальса және зумба сабақтарына және жүзуге бардық. Университетте әлем бойынша көп халықаралық студент болған соң, барлық студенттер жиналатын оқудан тыс іс-шаралар жүргізілді. Мысалы, Bonfire, International Dinner, Desert Festival, Karaoke night және тағы басқа іс-шаралар. Біз Америкаға Жаңа Жыл және Мәсіх кезінде барғанымыз өте сәтті болды, себебі Америкада осы мейрамдарды көрген өте әдемі, олар үшін бұл әулие мейрамдары. Қала өте жарық және әдемі безендірілді, Мәсіх шеруі және тағы басқа көп әіс-шаралар жүргізілді.
Біріншіден, Америкаға сапар мен үшін өте үлкен тәжірибе, мен өз мамандығымның саласында жаңа білімге ие болдым, ағылшын тілін дамытып, екіншіден, бұрынғы арманын орындалды. Мен ешқашан шетелде, Америкада болған жоқпын. Мен көп әдемі жерлерді көріп, Америка халқының мәдениетімен танысып, жаңа достарды кездестірдім. Осының бәрі мен үшін зор маңызды.
Мен осының бәрін маған мүмкіндік берген ҚарМТУ арқасында жүзеге асыра алдым. Университет ректоры, халықаралық бөлім, осы бағдарлама туралы білген менің ағылшын тілі оқытушысы Юдинцева Анастасия Владмировнаға үлкен алғысымды білдіремін. Барлық студенттерге сәттілік тілеймін!!!

Луизианский  Технический  университет

Без рубрики