Конрад Аденауэр атындағы Қор Үкіметінің делегациясымен доктор Шипанскидің келуі


17 мамыр ҚарМТУ жиын залында профессорлық- оқытушылық құрам және университет студенттерінің алдында Алманиядан келген ханым, техника ғылымдарының докторы Дагмар Шипански сөз сөйледі.

Доктор Шипански Конрад Аденауэр атындағы Қор Үкіметінің делегациясымен келді. Оның құрамында, сонымен қатар, Тюрингия ғылым, зерттеулер және өнер экс-министрі, Ландтага экс президенті, германиялық Бундестаг депутаты Такред Шипански мырза болды.

Конрад Аденауэр атындағы Қор Берлин және Бонн қалаларында 1955 жылдың желтоқсанында құрылды.

2007 жылдан бастап Қазақстанда, Астанада Қордың Қазақстандағы Өкілдігі жұмыс жасай бастады.

Шәкіртақылық бағдарламалармен жастар семинарларымен қоса жергілікті өзін- өзі басқаруды дамыту тақырыбы негізгі жоба болыптабылады. Жергілікті өзін- өзі басқаруды дамыту бойынша іс-шаралар ҚР Парламентімен қызметтестікте жүргізіледі.

Білім беру саласында қазақстандық жоғарғы оқу орын студенттерін шәкіртақы түрінде қолдау жүзеге асырылады. Үміткелер қазақстандық ЖОО студенттері арасынан, ҚР азаматтығы бар студенттер арасынан таңдалады. Шәкіртақы (ай сайын 70 000 теңге көлемінде) 5 ай мерзіміне ары қарай ұзарту мүмкідігімен беріледі.

Шәкіртақы иегерлері үшін әр түрлі семинарлармен тренингте өткізіледі. Қазіргі таңда Қазақстаннан әр уақытта, әр түрлі ЖОО және мамандықтардан 90 –нан астам студент  Қор шәкіртақысының иегерлері атанған.

Конрад Аденауэр атындағы Қор Қазақстан Республикасымен бірлестікте неміс үлгісі бойышһнша білім берудің қосарлы жүйесін енгізуге, сонымен қатар Серпінмен бірлестікте белсенді түрде ат салысып келеді.

Қосалы жүйе Алманияданбастау алады. Сондықтан бұл жүйені енгізуде осы елдің тәжірибесі маңызды.

Шипански ханым- Еуропа мен алманияның атақты ғалымдарының бірі, Тюрингиядағы экс білім министрі, Ильменаудағы Техникалық университеттің ректоры, ФРГ Ғылыми кеңесінің төрағасы, федеративтікжелердің білім және ғылым министрлерінің тұрақты конференциясының президенті. Осыған байланысты, оның Алмания университеттері жанында ғылыми- зерттеушілік оталықтарды құру тәжірибесі Қазақстан Республикасында ғылымның ары қарай дамуына үлес қосуда бағалы болып табылады.

Без рубрики