Іс-шара Miсrosoft Teams бағдарламасында онлайн форматта өтеді, оған 50-ден астам студент, сондай-ақ «Шетел тілдері»кафедрасының оқытушылары қатысады.
Бұл тәрбиелік шараның мақсаты – 1920-1940 жылдар аралығында Қазақстанда қалыптасқан саяси жағдай туралы білімдерін қалыптастыру және бекіту. Тәрбиелік іс-шараның міндеттері:
- 1920-30 жылдардағы Кеңес өкіметінің күрделі саяси процестерінің жағымсыз сипаты туралы түсінік беру. Студенттердің күрделі саяси процестер туралы білімдерін тереңдету, орын алған оқиғаларға өзіндік баға беруіне жәрдем ету.
- Өз бетінше оқу әрекеті, қосымша әдебиеттермен, дереккөздермен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету.
- Студенттердің бойында еркіндікті адам рухының және қазіргі мәдениеттің ең жоғары жетістігі ретінде қабылдау көзқарасын қалыптастыру.
1997 жылдан бері Қазақстанда жыл сайын Қазақстан тарихындағы ең қасіретті беттердің бірі – 1931-1933 жылдардағы жаппай саяси қуғын-сүргін және миллиондаған адамдардың өліміне әкелген алапат ашаршылық құрбандарын еске алу күні аталып өтіледі. Тарихшылардың айтуынша, сталиндік режим жылдарында 100 мыңнан астам қазақстандық қуғын-сүргінге ұшырап, олардың әрбір төртіншісі ату жазасына кесілген. Қазақ зиялылары аяусыз атылып, Қазақстан территориясы халқының үштен біріне жуығы аштықтан қырылды.
1997 жылдан бері қазақстандықтар жыл сайын елде және шетелде билік тарапынан қуғын-сүргінге ұшыраған адамдарды еске алады, лагерьден оралмаған немесе аштықтан қаза тапқан туыстары мен жақындарын, соғыс кезінде жапа шеккен миллиондаған адамдарды еске алады. Сол сұрапыл уақытты еске ала отырып, әрбір қазақстандық қайғылы оқиғаның ауқымы мен оның өз елінің тарихы үшін салдарын білуі керек.
Іс-шараға жауаптылар: шет тілдері кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент Джантасова Дамира Дулатқызы, кафедраның тәрбие жұмысына жауапты Исина Н.Т., кафедра оқытушылары Токумбаева А.А., ДОТ қызметкерлері Амиров А.Ж. ., Қожанов М.Ғ., Алпамышев Д., ДАР Кожухова М.М
Амангельдина Г.А.
КОД для Miсrosoft Teams: nxhg1y4