КА және ЕҚ кафедрасына ҰЗТУ МБҚИ т.ғ.д., профессор Коликов С.К. келіп кетті


ҚР БҒМ шетелдік ғалымдарды тарту бағдарламасы аясында Қарағанды техникалық университеті «Кеніштік аэрология және еңбекті қорғау» кафедрасына «МБҚИ» «Ұлттық зерттеу технологиялық университеті» Тау-кен институтының тау-кен өнеркәсіптік экология кафедрасының т.ғ.д., профессор К.С. Коликовты білім алушыларға, қызметкерлерге және ПОҚ-ға кеңес беру, ғылыми семинарлар, дәрістер оқу үшін шақырды.

22.11.2021-26.11.2021 жыл аралығында шақырылған профессор барлық деңгейдегі білім алушылармен және кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамымен өзекті дәрістер мен семинарлар, шеберлік-сағатын, тренингтер мен ғылыми кеңестер өткізді.

6В11201 – «Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын студенттермен «Көмір метанын кәдеге жарату мәселелері», «Көмір қабаттарын газсыздандырудың заманауи әдістері», «Жоғары өнімді көмір алу кезінде шахталардың метан қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері», «Көмір-газ кен орындарын игеру мәселесін шешу тұжырымдамасы. Негізгі технологиялық шешімдер» өзекті тақырыптар бойынша кеңестер пен семинарлар өткізді.

Кафедра магистранттары үшін «Көмір қабаттарын дегазациялаудың заманауи әдістері» тақырыбында шеберлік-сағатын, дәрістер мен семинарлар өткізілді.

КА және ЕҚ кафедрасында болған кезінде ПОҚ, магистранттар, студенттерге дәріс оқыды.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамымен және қызметкерлерімен «Көмір қабаттарын заманауи газсыздандырудың технологиясы» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды.

К.C. Коликов 2-курс магистранттары үшін тау-кен өнеркәсібі экологиясы саласында кеңес өткізді. Сондай-ақ, ол кафедраның ғылыми зертханасындағы ауа ортасының жай-күйін анықтауға арналған жаңа құралдар мен жабдықтарды бағалады.

Қарағанды техникалық университетінің «КА және ЕҚ» кафедрасының  меңгерушісі Н.Р. Жолмагамбетов «Ұлттық зерттеу технологиялық университеті» «МБҚИ» тау-кен институтымен жұмыс қорытындыларын, одан әрі өзара әрекеттесу жоспарларын талқылады.

 

Без рубрики