«ІЗГІЛІК ПЕН ҚАМҚОРЛЫҚ КҮНІ»: КАФЕДРА АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ


Қарттар күні қарсаңында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Құрылыс материалдары және технологиялар» кафедрасында «Ізгілік пен қамқорлық күні» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

Акцияның мақсаты – кафедра ардагерлеріне құрмет көрсетіп, олардың көп жылғы еңбегі мен кафедраның дамуына, жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесін атап өту.

Іс-шара барысында кафедра оқытушылары мен студенттері ардагерлердің үйлеріне барып, оларды мерекемен құттықтап, жылы лебіздері мен ізгі тілектерін жеткізді. Сондай-ақ шағын сыйлықтар табыстап, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Акцияға кафедраның оқытушылары мен студенттері белсенді қатысты.  Шараға оқытушылар қатарынан Токанов Д.Т., Ахметжанов Т.Б., Рахимов М.А., Калмагамбетова А.Ш., Серова Р.Ф., Рябкова М.П., сондай-ақ студенттер Иманов Е.К. (С-25-1с, С-25-2с), Рахимова Г.М. (С-24-2), Иманов М.О. (ПСК-26-1), Дадиева М.К. (С-24-1), Хан М.А. (С-26-2с, ИСЗиС-23-1), Дивак Л.А. (С-26-3), Икишева А.О. (С-26-1, ПСК-23-1), Рахтаев А.С. (ИСЗиС-24-1), Каденова З.А. (С-26-2), Рахимова Ж.Б. (ИСЗиС-26-1), Абишева А.С. (С-25-4) қатысты.

Ізгі шара студенттердің аға буынға деген құрметін арттырып, адамгершілік құндылықтарды дәріптеуге және ұжымдағы өзара сыйластықты нығайтуға бағытталды.

Без рубрики